«Қазақтың Қанышы» дөңгелек үстелі: ұлы ғалымның мұрасы

2025 ж. 15 сәу., сс, 06:48

10 сәуір, Ғылым күніне орай, география клубының ұйымдастыруымен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған «Қазақтың Қанышы» атты дөңгелек үстел өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты – академиктің еңбектерін жастар арасында насихаттау, ғылым мен білімге деген қызығушылықты арттыру болды. Дәстүр бойынша оқу жылының басында 1-курс студенттері Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» кітабын оқып, талқылады.

Іс-шара бағдарламасы:

·                     Қаныш Сәтбаевтың өмірінен сахналық көріністер,

·                     Академик туралы деректі бейнелер,

·                     «XXI ғасыр – Қаныш дәуірі»«Қаныш Сәтбаев – әлемдік тұлға»«Қаныш және ғылыми майдан» тақырыптарына баяндамалар.

Студенттер интерактивті ойындарға белсене қатысып, ашық пікірталас жүргізді, ғалымның ғылыми жолына тағзым етіп, оның мұрасының қазіргі заманға маңызын атап өтті.

Іс-шара соңында аға оқытушы Ақнұр Бақытжанқызы Сағынбаева ең белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады.

«Ғылым жолы – нұрлы жол. Сол жолда бірге болайық!»

 


230