2025 жылдың 11
сәуірінде Astana International University-да «Жасанды Интеллектті
қолданудың теріс әсері және академиялық адалдық» тақырыбында семинар
өткізілді. Бұл іс-шара білім берудегі ЖИ-ді қолданудың этикалық мәселелері мен
академиялық адалдықты қамтамасыз ету әдістерін қарастырды.
Негізгі тақырыптар:
- Білім беруде ЖИ-ді пайдалану –
артықшылықтары мен тәуекелдері.
- Оқу және ғылыми жұмыстарда ЖИ-ді
теріс пайдалану – «елес авторлар», тапсырыс бойынша жұмыстар және
контентті автоматты көшіру.
- ЖИ-көмегімен жасалған плагиат –
анықтау құралдары мен адалдықты бағалау.
- Университеттердегі ЖИ-ді реттеу
саясаты – халықаралық тәжірибелер мен ұсыныстар.
- Академиялық қулықтың алдын алу –
студенттерде сыни ойлауды дамыту және адалдық мәдениетін қалыптастыру.
Семинарға қатысушылар
жағдайларды талдап, шешімдер ұсынып, жаңа технологияларды қауіпсіз пайдаланудың
тәсілдерін талқылады. Іс-шара білім берудегі ашықтық пен этикалық
жауапкершілік ортасын құруға үлес қосты.