2025
жылғы 11 сәуірде Астана халықаралық университетінің «Физика» білім беру
бағдарламасының 4-курс студенті Қадыр Ибрагим Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінде өткен студенттер мен жас ғалымдардың XX Халықаралық
ғылыми конференциясында 1-орын иеленді.
«Solving
the Schrödinger Equation in Physics and Modelling Molecular Structures using
MATLAB» тақырыбындағы баяндамасы Жалпы және теориялық физика кафедрасының
секциялық отырысында ұсынылды. Жұмыста Шрёдингер теңдеуін шешудің заманауи
тәсілдері және молекулалық құрылымдарды модельдеу үшін MATLAB бағдарламалық
ортасының мүмкіндіктері қарастырылды.
Ғылыми
жетекшісі – физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы,
қауымдастырылған профессор Нүркенов Серік Амангелдіұлы.
Студент
пен оның ғылыми жетекшісін лайықты жеңісімен құттықтап, ғылыми бағыттағы жаңа
жетістіктер тілейміз.