AIU оқытушысы Ғылым күніне орай жоғары ведомстволық наградаға ие болды

2025 ж. 17 сәу., бс, 05:10

Ғылым күні қарсаңында, 11 сәуірде Astana International University оқытушысы, философия ғылымдарының PhD докторы, қауымдастырылған профессор Нүркенов Серік Амангелдіұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары ведомстволық награда ғылыми саланың дамуына қосқан елеулі үлесі, көпжылдық зерттеу қызметі мен ғылыми-педагогикалық еңбегі үшін берілді. Кәсіби мереке қарсаңындағы бұл марапат тек марапат иесі үшін ғана емес, бүкіл университет үшін де ерекше және маңызды оқиға болды.

Astana International University Серік Амангелдіұлының жетістіктерін мақтанышпен атап өтеді және оны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды. Жаңа ғылыми жетістіктерге, шабыт пен табысқа толы болашақ қызмет жолыңызға сәттілік тілейміз!


227