2025 жылдың 01 сәуір күні Информатика ББ ұйымдастыруымен 2025 қабылдау
бойынша білім беру бағдарламаларын талқылау мақсатында 6В01501 —
"Информатика", 7М01501 — "Информатика"білім беру
бағдарламалары академиялық комитетінің отырысы өткізілді. Іс-шараға Л.Н.
Гумилев атындағы ЕҰУ: Балғынбаева Карина Галиахметқызы – PhD, Назарова Айдана –
ББ 8D01501 «Информатика» докторанты. Астана қалалық білім бөліме қарасты жұмыс
берушілер жалпы білім беретін орта мектепттерден Егеубаева Жанара Бақытжанқызы
- №16 Т.Айбергенов аатындағы ОМ., Мұхышева Гүлмира Мирашқызы -
І.Есенберлин атындағы №67 гимназия,
Қожахметова Шолпан Олжекенқызы - Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінен
информатика пәнінің мұғалімдері, ЖОО
профессор-оқытушылар құрамы: Дамекова С.К. — PhD, Информатика ББ жетекшісі,
Бамұратова Диларам Бекбулатқызы – PhD, Жамалова Самал Арынқызы – аға оқытушы,
Мәлік Олжас Жанатұлы – аға оқытушы, Абилова Перизат Нұрхатқызы – аға оқытушы,
Мырзаева Жансая Лесбаевна – аға оқытушы, бітіруші түлектер және магистранттар:
ББ 7М01501 «Информатика» 2 курс магистранттары, мен ББ 6В01501 «Информатика» 2
курс ТИПО студенттері, бакалавр
студенттері қатысты.
ЖОО арасындағы байланысты нығайту
мақсатында мектеп мұғалімдері болашақ жас мамандарды дайындауда білім беру
бағдарламаларына қатысты ойларын айтып, ұсыныстар жасады. Жұмыс берушілерден
ұсыныстар: 1. AI көмегімен жобаға негізделген тапсырмалар арқылы тәжірибеге
бағытталған оқытуды күшейтіңіз; 2. Дипломдық жобаларды дайындау тәсілдерін
жаңарту, студенттерді АИ (онлайн курстар, симуляторлар, білім беру қосымшалары)
көмегімен білім беру IT өнімдерін әзірлеуге бағыттау.
ББ өзектендіру бойынша ұсыныстар:
1.пәндер тақырыбындағы өзгерістер:
-Веб-дизайн пәніне генеративті
ЖИ-пен жұмыс істеу бөлімін қосу (Midjourney, DALL E, Runway ML).
-«Жасанды интеллект» пәнінде
тәжірибелік сабақтарға нейрондық желілердің API көмегімен тапсырмаларды енгізу.
2.Оқыту нәтижелеріне толықтырулар:
-Жасанды интеллект көмегімен сандық
оқыту шешімдерін әзірлеу дағдысы.
Алдағы оқу жылындағы өзгерістер,
қосар мамандық бойынша ойлар ортаға салынып, пікірлер тыңдалды.