Сәуір айының 15-і күні
6В01707 "Қазақ тілі мен әдебиеті" БББ бағдарламасының студенттеріне
арналған "Тілді меңгерту: сөйлеу және сөйлету" деген тақырыпта кезекті қонақ дәріс өтті. Дәрісті Назарбаев университеті, қазақ тілі және
түркітану департаментінің оқытушысы, Қазтест және деңгейлік оқулықтар мен ЛГМ авторы А.Қ.Балабеков жүргізді. Дәріс
барысында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің әдістемесі туралы өзінің
тәжірибелерімен бөлісе отырып, болашақ
жас мамандарға біліктілікті арттыру, үнемі ізденісте жүру, өз жұмысына шығармашылықпен қарау керектігі туралы баса
айтты. Сұрақ-жауап форматында өткен дәрісте университеттің профессор-оқытушылық
құрамы мен студенттер өз ойлармен бөлісіп, өзара пікір алмасты.
Дәріс соңында сөз алған
ф.ғ.к., доцент Ғ.К.Резуанова Айдар Қалайбердіұлы Балабековке мазмұнды дәрісі
және тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да
шығармашылық байланысымыз жалғасады деп түйіндеді.