Білім беру бағдарламасын жаңарту: туризм мен географияның болашағына көзқарас

2025 ж. 18 сәу., жм, 08:25

 

2025 жылғы 10 сәуірде білім беру бағдарламасын жаңарту, оқу жоспарларының мазмұнын еңбек нарығының өзгермелі талаптарына және туризм және рекреация саласындағы жаңа тенденцияларға бейімдеу мақсатында әлеуетті жұмыс берушілердің қатысуымен ЖҒЖМ «Рекреациялық география және туризм» ББ бойынша Ғылыми комитетінің аралас форматта отырысы өтті.

 

 Іс-шараға қатысқандар:

1. Логиновская А.Н.  – проф. М.А.Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік телекоммуникациялар университетінің телекоммуникацияның экологиялық қауіпсіздігі кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты

2. Самарханов Қ.Б.  – PhD, география ғылымдарының кандидаты, «Астана» Халықаралық ғылыми кешенінің бас ғылыми қызметкері

3. «Райс Трэвел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы – Раушан Мамаева

 

 Жұмыс берушілер ұсынды:

- турларды ұйымдастыру, туризмдегі маркетинг және клиенттермен жұмыс істеу бойынша тәжірибеге бағытталған курстарды енгізу.

- цифрлық туризм мен тұрақты туризм мен мәдени географияны зерттеуді күшейту.

- туристік компаниялардың, ұлттық парктердің және экологиялық-рекреациялық орталықтардың қызметінен нақты жағдайлар мен тәжірибелерді қамту.

Туризм мамандарын тиімді даярлау университет пен өндірістің тығыз байланысын талап етеді. Келіп түскен ұсыныстар мен нұсқаулар «Рекреациялық география және туризм» бағдарламасын жаңарту кезінде ескерілетін болады.


144