2025 жылдың 9
сәуірінде «Рекреациялық география және туризм» мамандығының студенттері өз
мамандықтары туралы қысқаша роликтерді ұсынған бейнероликтер байқауы өткізілді.
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды:
1-орынды
РГиТ-23A тобы иеленді - бейнероликтің өзіндік ерекшелігі, эмоционалды
көрсетілімі және визуалды стилі үшін.
2-орын РГиТ -23Б тобына берілді - кәсіби
монтаждау және туризмге өмір салты ретінде терең көзқарасы үшін.
3-орын РГиТ -22 және РГиТ -23Б екі топқа
берілді - шығармашылық көзқарасы мен командалық рухы үшін.
Байқауға қатысушылардың барлығына шын
жүректен алғысымызды білдіреміз. Барлық қатысушылар өздерінің болашақ
мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігін және туризм мен географияның
болашағына деген көзқарасын көрсетті. Әрбір бейнеролик - болашақ кәсіпке деген
жеке көзқарастың көрінісі.
Глобус клубының жаңалықтарын
қадағалаңыз – алда бұдан да қызықты оқиғалар күтіп тұр, онда сіз өз
қабілетіңізді ашып, идеяларыңызбен бөлісе аласыз.
Біз Глобус клубының жетекшілері
Жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушылар құрамына А.А. Авезова, С.А.Жаңабаева
және Ауезова Н.С. белсенді кәсіптік бағдар беру жұмысы және студенттерге қолдау
көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.
Бірақ конкурс әлі жалғасуда!
Жеңімпаздар арасында көрермен көзайымы байқауы өтеді! Келесі посттарды күтіңіз.