AIU оқытушысы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің марапатына ие болды

2025 ж. 18 сәу., жм, 09:23

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Шуиншина Шолпан Мырзақасымқызы ғылым мен білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық марапатына ие болды.

Марапатты салтанатты табыстау рәсімі ғылым мен білім беру саласында еңбек етіп жүрген педагог-ғалымдармен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың кездесуі аясында өтті. Кездесу барысында министр педагогикалық ғылымды дамыту бойынша басты басымдықтарды атап өтіп, ғылыми зерттеулерді білім беру процесіне интеграциялаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Онлайн форматтағы іс-шараға педагогикалық жоғары оқу орындарының басшылары мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысып, білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

Шуиншина Шолпан Мырзақасымқызын шын жүректен құттықтай отырып, ғылыми және кәсіби қызметінде табыс тілейміз!

 


185