2025
жылғы 16–17 сәуір аралығында Астана Халықаралық Университетінің Педагогикалық
институтында «Scopus және Web of Science журналдарына ғылыми мақалалар
дайындау. Master Journal List» тақырыбында мастер-класс өтті. Лектор ретінде
Түркия, Бурса қаласындағы Улудаг университетінің профессоры, PhD Эмин Атасой
шақырылды. Іс-шараға университетіміздің оқытушылары мен магистранттары қатысты.
Мастер-кластың
мақсаты – жас зерттеушілердің ғылыми құзыреттілігін арттыру және оларды Scopus
пен Web of Science базасына кіретін халықаралық ғылыми журналдарда жариялану
үдерісімен таныстыру.
Профессор
Атасой мастер-класс барысында ғылыми мақаланы дайындаудың негізгі кезеңдеріне
кеңінен тоқталды: тақырыпты таңдау, өзектілігін дәлелдеу, әдістемені сипаттау,
нәтижелерді талдау және қорытынды жасау. Сонымен қатар Scopus және WoS
базаларындағы журналдардың талаптары мен критерийлері, сондай-ақ рецензиялау
кезеңдері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Қатысушылар
шетелдік басылымдарға материалдарды дайындау, редакторлар және рецензенттермен
тиімді өзара әрекеттесу, ғылыми жұмыстың сапасын арттыру бойынша практикалық
ұсыныстар алды.
Аталған
іс-шара магистранттар мен оқытушылардың кәсіби дамуына, оларды халықаралық
ғылыми қауымдастыққа тартуға және академиялық зерттеулердің жаһандық деңгейде
дамуына үлкен үлес қосты.