🌿 «Таза Қазақстан» экологиялық апталығы басталды! 🌿

2025 ж. 27 сәу., жс, 06:50

21–26 сәуір аралығында еліміздің барлық өңірлерінде республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық марафон өтуде. Бұл – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жүздеген іс-шаралар мен акцияларды біріктіретін ерекше апта!

🔹 Экологиялық апта Астана қаласындағы республикалық экофестивальмен ашылды. Фестивальға еріктілер, экоактивистер, стартап иелері, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

🔹 Фестиваль аясында экологияны дамытуға үлес қосқан үздіктер марапатталды:

"Үздік экологиялық білім мекемесі",

Суға ұқыпты қарау тақырыбындағы балалар сурет байқауы,

"Жасыл Университет" жобасы,

"Үздік экологиялық стартап" аталымдары бойынша.

🎉 Біз үшін мақтаныш: Astana International University Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің (ВШТИиИ) 1 курс студенттері осы экофестиваль аясында өткен көрмеге белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын, экоидеяларын ұсынды! 🌱👏

🟢 Студенттеріміздің бастамалары – жасыл болашаққа қадам!

Олар экологиялық жобалар, қайта өңдеуді насихаттайтын бұйымдар мен көрнекіліктер арқылы табиғатқа жанашыр көзқарастарын көрсетті.

📍 Министрліктің мәлімдеуінше, апта бойы елімізде 200-ге жуық экологиялық акциялар өткізіледі. Бұл бастама – елдің әр тұрғынын табиғатты қорғауға, экосана қалыптастыруға үндейді.

💬 Қоршаған орта – баршамызға ортақ. "Таза Қазақстан" – бұл бір аптаның ісі ғана емес, бұл – ұрпаққа аманат!


90