2025 жылдың 17–18
сәуір күндері Алматы қаласында Гумарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және
байланыс университетінің базасында «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы
бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Қазақстанның 17
жоғары оқу орны арасында біздің AIU университетінің командасы тамаша
нәтиже көрсетіп, 4-орынға ие болды! 🏆
Олимпиада
қатысушыларын және студенттерді жоғары деңгейде дайындаған ғылыми жетекші — Абдығалым
Б.Х. мырзаға алғыс білдіреміз!
Болашақта да үлкен
жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!