«ТУРИЗМДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР: БІЛІМ БЕРУ, ЦИФРЛАНДЫРУ, БИЗНЕС» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕС

2025 ж. 27 сәу., жс, 07:10

2025 жылдың 23 сәуірінде Астана Халықаралық университетінде «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Туризмдегі жаңа технологиялар: білім беру, цифрландыру, бизнес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға академиялық қауымдастықтың, туризм индустриясының және бизнес секторының өкілдері қатысты. Олардың қатарында Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті, Global Air - American Express, ҚР «Атамекен» ҰКП, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, «Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы, БҰҰДБ, «Ibis Astana» қонақ үйі, Қалалық туризмді дамыту орталығы және басқа да ұйымдар болды. Талқыланған негізгі тақырыптар: туризм үшін кадрларды дайындау мәселелері және цифрлық трансформация жағдайындағы жаңа талаптар, дуальді оқыту тәжірибесі және оның түлектердің мансаптық траекторияларына әсері, туризм индустриясында дуальді бағдарламалардың даму перспективалары, ҚР «Атамекен» ҰКП-ның туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамытудағы рөлі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының білім беру және зерттеу бастамалары, Астана қаласында туризмді дамыту мүмкіндіктері.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы ТДМ 8 "Лайықты жұмыс және экономикалық өсу" және ТДМ 4 "Сапалы білім беру" мақсаттарымен тікелей байланысты болып табылады. Бұл тұрақты туризмді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жастардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Қорытынды пікірталас барысында университеттер мен туристік компаниялар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, білім беру бағдарламаларының практикалық бағыттылығын арттыру және цифрлық шешімдерді енгізу арқылы мамандар даярлау сапасын жақсарту мәселелері қарастырылды.

Қазақстанда туризмді дамытуға қосқан құнды үлесі мен белсенді қатысқандары үшін барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

 


107