Астана
халықаралық университеті 2025 жылғы 23 сәуірде ұйымдастырған «AIU-2025:
Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық»
атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Экономика жоғары
мектебі «Экономикалық белсенді адамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне білім
беруді бейімдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. «Адаптивті экономика
моделі» ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес дәстүрлі түрде екінші жыл қатарынан
өткізілетін бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарын, әсіресе орнықты экономикалық
өсу мен жұмыспен қамтуды ынталандыру, инклюзивті және сапалы білім беруді
қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты
дамыту бөлігінде ілгерілетуге бағытталған.
Дөңгелек
үстелдің модераторы э.ғ.д., профессор Қажыкен Мейрам Зекешұлы — ЭЖМ «Адаптивті
экономика мектебінің» басшысы. Талқылау барысында қатысушылар қазіргі заманғы
экономиканың сұраныстарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын
трансформациялау, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және Тұрақты дамудың
негізгі ресурсы ретінде адами капиталды дамыту мәселелерін белсенді көтерді.
Ғалымдардың, шақырылған спикерлердің, түрлі саладағы сарапшылардың баяндамалары
практикалық мысалдармен, зерттеу нәтижелерімен және сындарлы ұсыныстармен қанық
болды.
Дөңгелек
үстел ғалымдар, жас зерттеушілер, докторанттар, магистранттар мен қызығушылық
танытқан тыңдаушылар арасындағы нәтижелі диалогтың алаңына айналды, тәжірибе
алмасуға және ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етті. Барлық баяндамалар
үлкен қызығушылық тудырды, бұл талқыланатын тақырыптардың өзектілігінің жоғары
деңгейін көрсетеді. Іс-шара соңында қатысушыларға 2024 жылғы «Адаптивті
экономика моделі» жобасы аясындағы зерттеу жұмысының нәтижесі болған профессор
Қажыкен Мейрам Зекешұлының «Адами капитал және адами әлеует» монографиясы
салтанатты түрде табыс етілді.