AIU студенттері өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінен өткен Республикалық олимпиадада 3-орын алды

2025 ж. 29 сәу., сс, 10:19

2025 жылғы 17–18 сәуір аралығында Павлодар қаласындағы академик Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі ұйымдастырған қазақ тілі пәні бойынша өзге ұлт өкілдері студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды және еліміздің түрлі аймақтарынан келген 10 команданың арасында өтті. Педагогикалық институттың 3 курс студенті Буланин Артем, 1 курс студенттері Эргашева Дилдора және Артемова Елизавета, топ жетекшісі А.А. Султанова жетекшілігімен олимпиадаға қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды.

Студенттерімізді және жетекшісін осы жоғары нәтижелермен құттықтап, болашақта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз! Бұл жетістік университетіміздің беделін арттырып, студенттеріміздің жоғары деңгейдегі білімін дәлелдейді.

 


104