Astana International University-де Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдерімен студенттердің кездесуі өтті. Іс-шара экономика, қаржы, менеджмент, маркетинг, ақпараттық технологиялар және шет тілдері салаларындағы болашақ мамандарды тәжірибеге бағытталған тәсіл арқылы оқыту аясында ұйымдастырылды.
Кездесу студенттердің құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдардың қызметі туралы түсініктерін кеңейтуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы және этикалық мәдениетті нығайтуға бағытталды.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен қызығушылық танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз!