Құрметті әріптестер!
Алдағы айларда гранттық және мақсатты қаржыландыру жобалары бойынша конкурстардың жариялануы күтілуде. Өтінімдерді сапалы дайындау мақсатында Сіздерді ҰҒК мүшесі – Барлыбаев Алібек Бақтыбайұлы өткізетін шеберлік сабағына қатысуға шақырамыз.
Іс-шара аясында келесі тақырыптар қарастырылады:
жеңіске жетуге бағытталған өтінім жазу әдістері;
конкурс құжаттарын дұрыс толтыру;
жиі кездесетін қателіктер және олардан қалай аулақ болуға болады;
тәжірибелі ғалымның нақты кеңестері мен мысалдары.