ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА МЕКТЕБІНІҢ БАСШЫЛАРЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӘНЕ ЖАСЫЛ ӨСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТТІ

2025 ж. 10 мау., сс, 09:09

2025 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында Экономика жоғары мектебінің Жасыл экономика мектебінің басшылары Лесбаева Г. Т. мен Байбаш Г. Қ. жасыл экономика, тұрақты даму және климаттық трансформация мәселелеріне арналған біліктілікті арттыру бағдарламасын сәтті аяқтады.

Курстық бағдарлама тұрақты дамуға көшу барысындағы заманауи сын-қатерлер мен басымдықтарды қамтыған кең ауқымды тақырыптарды қамтыды: жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру мен еңбек нарығының болашағы; БҰҰ-ның климаттық режимінің тарихы және жаңа климаттық экономика; жасыл трансформациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқықтық негіздер; энергетикалық сектор мен экологиялық туризмнің әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлі; тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру, эмоционалдық интеллект пен эмпатияны дамыту; жасыл экономика саласындағы ұлттық заңнама және халықаралық тәжірибе.

Бағдарламаның ерекше құндылығы – климаттық парадигманың жаңа моделін, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегияларын және әрбір адамның (L.O.V. – жеке анықталған үлес) тұрақты болашаққа қосатын үлесін ашып көрсеткен, Нобель сыйлығының лауреаты, халықаралық сарапшы Рае Квон Чунгтың дәрістері мен семинарлары болды.

Курсты аяқтау нәтижесінде қатысушылар жеке тапсырмаларды орындап, қорытынды пікірталасқа қатысты. Бұл курс кәсіби біліктілікті арттырудағы маңызды қадам болып табылады және Жоғары экономика мектебінің жасыл экономика мен тұрақты даму саласындағы ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтуға өз үлесін қосады.


277