2024–2025 оқу жылының екінші семестрінде біздің
университетте «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс
магистранттарына арналған оқу сабақтарын Томск мемлекеттік университетінен
шақырылған профессор, экономика ғылымдарының докторы Краковецкая Инна
Валентиновна өткізді. Ол
«Заманауи басқару технологиялары» пәні бойынша дәрістер жүргізді. Курстың
аясында бизнес саласындағы цифрлық трансформация, agile-әдістер, жоба басқару
жүйелері, big data және басқарудағы жасанды интеллект тақырыптары қарастырылды. Нақты басқару міндеттерінде заманауи
технологияларды қолдануға және практикалық кейстерге ерекше назар аударылды.
Бұл магистранттар үшін құнды білім алып, профессорға қызықтыратын сұрақтарын
қоюға тамаша мүмкіндік болды.