2025
жылғы 24 сәуірде Астана халықаралық университетінде
«AIU2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін
ынтымақтастық»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында
«1.8 – Биология мен географияны оқытудың заманауи әдістері: инновациялар мен
технологиялар» атты секциялық отырыс өткізілді.
🔹 Секция
төрағасы: Хамзина Салтанат Рашидовна, PhD, Астана халықаралық университеті,
Педагогикалық институттың қауымдастырылған профессоры
🔹 Секретарь:
Сағынбаева Ақнұр Бақытжанқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі,
Педагогикалық институттың аға оқытушысы
Секция
жұмысына Астана халықаралық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің
студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.
Секция
барысында қатысушылардың ғылыми баяндамалары тыңдалып, қызу талқыланды. Үздік
деп танылған баяндамалар жоғары бағаланып, арнайы грамоталармен марапатталды.
Барлық
қатысушыларға белсенділігі мен қызығушылығы үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!