академиялық ұтқырлық

Халықаралық академиялық ұтқырлық

Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «6В05101 Биология» мамандығының 2 курс студенті Сайлаубекова Аружан академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Познаньда Адам Мицкевич атындағы университетте - Adam Mickiewicz University (Польша) білім алды. Академиялық ұтқырлық еңбек нарығында бәсекелестік артықшылыққа ие болуға және халықаралық және мәдениетаралық қатынастардың шексіз мүмкіндіктері әлеміне есік ашуға мүмкіндік берді. 

 


Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің студенттері Аида Тенебек (2 курс) Ислам Темиргалеев (4 курс), «Биология» мамандығының студенттері, Гаухар Алшын (2 курс) «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығының Познаньдағы Адам Мицкевич атындағы университетте — Adam Mickiewicz University (Польша) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатыр.



Ішкі академиялық ұтқырлық

2022-2023 оқу жылының екінші семестрінде Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің оқытушысы магистр Кенжегалиева Дильнара Нуржановна «Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру» пәні бойынша, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 6В05201 «Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне сабақтар өткізді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Энергетика, техносферадағы қауіпсіздік және экология» кафедрасының аға оқытушысы Карабалаева Айман Бейсембаевна Астана Халықаралық университетінің 6В05201 «Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері үшін «Геоэкология және қоршаған ортаны қорғау негіздері» пәні бойынша сабақтар жүргізді.  



2023-2024 оқу жылында Астана халықаралық университеті мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті арасында ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалды. Шартқа сәйкес 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде алғаш рет студенттермен академиялық алмасу жүзеге асырылды. 2 курс ЖҒЖМ студенттері Асем Исергепова (Экология және табиғатты пайдалану) және Алина Абилова (Биология) Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде білім алуда. Ал Қостанайдан келген экология студенттері Карина Доценко мен Наталья Яблонская біздің университетімізде «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығы бойынша білім алуда .