Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің студенттері YouTube те спорттық бағдарламалау бойынша қазақ тіліндегі контентті ілгерілету конкурсының жеңімпаздары

2024 ж. 10 нау., жс, 05:03

2024 жылдың 15 наурыз күні Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің қолдауымен Спорттық бағдарламалау федерациясы YouTube-те бағдарламалау бойынша қазақ тіліндегі контентті ілгерілету бойынша конкурс өткізді. Осы конкурстың негізгі мақсаты барынша кең аудиторияны тарта отырып, қазақ тілінде бағдарламалау туралы білімді белсенді тарату болып табылады.

Байқау сонымен қатар қазақ тілді бағдарламашылар қауымдастығының дамуын ынталандыруға, білім мен тәжірибе алмасу үшін кеңістік құруға, осылайша әлемдік бағдарламашылар қауымдастығына ықпалдасуға бағытталған. Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады.

Жарыс ережелеріне сәйкес әрбір қатысушы өзінің YouTube арнасына қазақ тілінде кемінде үш бейнеролик жариялауы тиіс болатын. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Сүйінханов Оңдасын және Серікова Шапағат осы конкурсқа қатысып, жеңімпаз атанды.


198