AIU студенттері «World Cleanup Day» Жаһандық экологиялық акциясына қатысты

2025 ж. 22 қыр., дс, 09:31

20 қыркүйекте Қазақстан World Cleanup Day жаһандық акциясына төртінші рет қосылды. Ауқымды сенбілік еліміздің барлық өңірлерді қамтиды.

Акцияға қатысушылардың қатарында экологиялық бағыттарда білім алып жүрген Астана Халықаралық университетінің (AIU) студенттері бар. PhD, эколог, оқытушы Айман Карабалаеваның жетекшілігімен олар аумақты тазалау мен қоқысты сұрыптауға белсенді түрде атсалысты.

«Біз сенбіліктер мен орман отырғызу сияқты экологиялық іс-шараларға жиі қатысамыз. Бүгін біз студенттермен бірге қоршаған ортаны жақсартуға өз үлесімізді қосуға келдік. Студенттер табиғатты қорғауға өз үлестерін қосып, қоршаған ортаны аялаудың маңыздылығын барлығына еске салу үшін келді», - деп атап өтті Айман Қарабалаева.

Сонымен қатар, Астана Халықаралық университеті атынан іс-шараға қатысқан Қыдырова Айдана Саламатқызы — 321start жобасының кураторы және ұйымдастырушысы. Бүгінде экосенбілік барысында 187 кг пластик жинап, қайта өңдеуге жіберілді.

AIU студенттерінің World Cleanup Day-ге қатысуы маңызды экологиялық үлес қана емес, сонымен қатар жастардың болашақ алдындағы жауапкершілігін сезінуінің айқын мысалы болды.

 


419