Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту аясында Астана халықаралық университеті (AIU) Қытай Халық Республикасының Білім министрлігінің делегациясымен ресми кездесу өткізді. Кездесуге Шетелде оқыту орталығы директор орынбасары Ся Цзяньхуэй, кіріс бағдарламалар департаментінің директоры Ма Юнь және Шетелде оқыту орталығының жобалар жетекшісі Ван Шань қатысты.
Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары және AIU -дың халықаралық бастамаларға қатысуын талқылады. Ерекше назар келесі бағыттарға атап айтсақ,
·
дипломдарды халықаралық деңгейде мойындау;
·
қос дипломды бірлескен бағдарламаларды іске қосу;
·
студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту;
·
қытай компанияларының қатысуымен жұмыс жәрмеңкелерін ұйымдастыру;
·
білім беру модельдерін жүзеге асыру тәжірибесімен алмасуға (foundation бағдарламаларын
қоса алғанда) назар аударылды.
Астана халықаралық университетінің Президенті мұндай кездесулер жай
ғана ресми сапарлар емес, жаһандық білім беру кеңістігін құруға бағытталған
нақты қадамдар екенін атап өтті.
«Қытайдың жетекші университеттерімен және ұйымдарымен
серіктестікті дамыту – біздің студенттерімізге Қазақстанда да, шет елдерде де
жаңа академиялық және мансаптық мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз», – деді
ол.
Қытайда білім алатын
шетелдік студенттерге көрсетілетін қолдау туралы жан-жақты баяндалды. Бейімдеу бағдарламаларынан
бастап тілдік курстарға және халықаралық жұмыс жәрмеңкелеріне қатысу, сонымен
қатар, шетелдік студенттердің қытай компанияларының халықаралық филиалдарында
жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін жаңа мансаптық бастамалар ұсынылды.
Ерекше қызығушылық
тудырған бағыттардың бірі – икемді оқыту модельдерін ұйымдастыру тәжірибесі
болды. 2+2 моделі бойынша (екі жыл Қазақстанда, екі жыл Қытайда), қос диплом
алуға мүмкіндігі бар.Бұл халықаралық сертификаттауға
және жоғары бәсекеге қабілетті мамандық алуға тікелей жол ашады.
Айта кету керек,
тараптар болашақ әріптестіктің негізін құрайтын басты идеялармен келісті.
Академиялық алмасу, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу, дипломдарды
халықаралық деңгейде тану және студенттердің кәсіби даму мен жұмысқа орналасу
мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері басты назарда болды.