Конституцияның 30 жылдығы – тарихи сабақтастық пен азаматтық жауапкершілік мерекесі

2025 ж. 27 қыр., сб, 08:10

Астана халықаралық университетінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.

    Салтанатты шараға Астана халықаралық университетінің проректоры Абдрахманов Қайрат Амангелдіұлы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі “Қоғамдық келісім” Республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі Нұрадинов Мейіржан Тұрланұлы және Астана халықаралық университеті Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Ыбырай Саят Баймұратұлы қатысты.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасына айналды. Ол елдің саяси, құқықтық және әлеуметтік жаңғыруының негізгі бағытын айқындап, басты құндылықтарды бекітті, Атап айтсақ,

* адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

* теңдік пен әділеттілік;

* заң үстемдігі;

* бейбітшілік пен келісім.

Бұл қағидаттар заң баптарында ғана емес, қоғамның күнделікті өмірінде де айқын көрініс табуда.Сол тарихи жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл күнтізбелік сәйкестік емес, елдің болашағына жасалған тарихи таңдау болды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ өкілі Нұрадинов Мейіржан Тұрланұлы атап өткендей,

Қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілі тең құқықпен өмір сүріп, ортақ Отанымыздың дамуына өз үлесін қосуда.Конституция мен Ассамблеяның 30 жылдығы – азаматтық жауапкершілікті терең сезінуге, заңға құрметпен қарауға және туған елге адал қызмет етуге серпін беретін тарихи белес.

Іс-шара студенттердің шығармашылығына толы концерттік бағдарламаға ұласты. Бағдарлама аясында патриоттық рухтағы бейнероликтер, күй, би, поэзия және театрландырылған қойылымдар көрермен назарына ұсынылды.

Мереке соңында белсенді қатысушылар мен үздік орындаушылар марапатталды. Университет басшылығы осындай іс-шаралардың студенттердің патриоттық сезімін, мәдени-шығармашылық әлеуетін арттырудағы маңызын ерекше атап өтті.


186