2025
жылдың 26–28 қыркүйек күндері Түркістан қаласында «Түркістан – қолөнершілер
қаласы» атты халықаралық қолөнершілер көрмесі өтті. Іс-шараны ЖШС «Turkistan
туристтік ақпараттық орталығы» ұйымдастырды.
Аталған көрмеге Астана
Халықаралық университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары
мектебінің оқытушысы, зергер Сержан Баширов арнайы шақырылып, өз
туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Ұстаздың ерекше қолтаңбасы бар зергерлік
жұмыстары көрме қонақтары мен сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.
Көрменің басты мақсаты – қолөнер
шеберлерін біріктіріп, олардың туындыларын кең аудиторияға таныстыру, сондай-ақ
ұлттық және заманауи қолданбалы өнерді қолдау болды. Іс-шара аясында шеберлік
сабақтары, мәдени бағдарламалар мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды.
Айта кетсек, 2025 жылы Түркістан
қаласы Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің (World Craft City) шешімімен
керамика бойынша «Қолөнершілер қаласы» мәртебесін иеленді. Бұл мәртебе
Түркістанның бай мәдени мұрасы мен дәстүрлі шеберлігінің халықаралық деңгейде
мойындалғанын көрсетті.

