AIU студенттері география бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадада жүлдегер атанды

2025 ж. 30 сәу., ср, 08:11

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «В014 – География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша ХVІI Республикалық пәндік олимпиада өтті, оған Қазақстанның 18 жетекші жоғары оқу орындарынан студенттер қатысты.

Олимпиаданың мақсаты — студенттердің теориялық және практикалық білім деңгейін анықтап, кәсіби дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ география пәні мұғалімдерін даярлау сапасын арттыру болды. Биылғы олимпиадада Астана халықаралық университетінің студенттері жақсы нәтижелер көрсетті.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Галымбек Турсынулы Байгукиннің жетекшілігімен 3 курс студенттері Рахматали Нұрислам Мұратұлы және Омаров Азамат Даулетұлы жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Рахматали Нұрислам Мұратұлы жеке есепте II орын иеленіп, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Олимпиадаға қатысқан барлық студенттер сертификаттармен марапатталды, ал жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.

Студенттеріміз бен жетекшісін олимпиададағы сәтті нәтижелерімен құттықтаймыз және болашақтағы жеңістерін тілейміз!


36