ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ: АРМАНДАҒЫ ЖҰМЫСТЫ ҚАЛАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ

2025 ж. 10 мау., сс, 09:12

2025 жылғы 4 маусымда Экономика жоғары мектебінің базасында «Армандағы жұмысты қалай табуға болады» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәрісті Қазақстан HR Ассоциациясының мүшесі, Eiger Kazakhstan (Алматы қ.) рекрутинг компаниясының негізін қалаушысы және директоры Элина Дадабаева өткізді. Элинаның рекрутмент саласында 17 жылдық тәжірибесі бар, халықаралық тәжірибеге ие (ABN AMRO Bank, Royal Bank of Scotland, ANCOR), 10 000-нан астам сұхбат жүргізген, SHL сертификатталған жаттықтырушысы және ассессоры, EUROBAK HR комитетінің мүшесі.

Қонақ дәрісі аясында жұмысқа орналасуға байланысты келесі мәселелер қозғалды: жұмыс іздеу өнері, түйіндемені қалай дұрыс жасау, жұмысты қайдан іздеу керек, сұхбатқа қалай дайындалу керек, сұхбаттан сәтті өту жолдары, жұмыс берушілер жас мамандардан не күтеді. Дәріс бакалавриат түлектері үшін өте пайдалы болды, сондай-ақ Элина өз презентациясымен бөлісті. Түлектерімізге пайдалы кеңестері мен қызықты кездесуі үшін Элинаға алғысымызды білдіреміз.


Презентацияға сілтеме


225