Жаңалықтар

...
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 13 ШІЛДЕ КҮНІ БАСТАЛАДЫ
2022 ж. 12 шіл., сс, 15:52

Бакалавриатқа түсу үшін 2022-2023 оқу жылында 73 мыңнан астам грант бөлінді. Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 17 794 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 10 810 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 9 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына– 6 288 грант тиесілі. Осылайша, техникалық бағыттар бойынша мемлекеттік тапсырыстың үлесі 60% - ға дейін ұлғайды.

ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 65 балл жинаған талапкерлер ұлттық жоғары оқу орындарына, кемінде 50 балмен басқа жоғары оқу орындарына түсе алады. Бұл ретте «Педагогикалық ғылымдар» және «Құқық» білім беру салалары бойынша шекті балл кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» − кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кемінде 60 балды құрайды.

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады. Қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылатын болады. Алыс аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін жоғары оқу орындарында виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді. Сонымен қатар құжаттарды қабылдау кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы жүзеге асыруға болады.  

Оқуға түсушілер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін конкурсқа ұсына алады.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарды электронды түрде тапсыру үшін талапкерлерге келесі құжаттар қажет: 

жеке куәлік;

  1. ҰБТ сертификаты;
  2. 3х4 көлеміндегі фото;
  3. орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом);
  4. № 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;
  5. ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
  6. жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.


Егер талапкер «Алтын белгі» иегері немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталған болса, онда ол басқа үміткерлермен балдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады. Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін де осындай басымдылық қарастырылған.

Биыл алғаш рет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім беру грантының жаңа түрі анықталды: «Халықтың тығыз орналасқан және батыс өңірлерінің жастарының жетекші жоғары оқуорындарында оқуға арналған мақсатты білім беру гранты». Бұл Атырау және Маңғыстау облыстарының 10 мың талапкеріне жоғары оқу орындарында білім алу үшін мақсатты гранттар алуға мүмкіндік береді. Мақсатты «Атырау-Маңғыстау» грантына конкурсқа ағымдағы жылдың мектеп түлектері қатыса алады. Бұл ретте олар бір уақытта жалпы конкурсқа, оның ішінде «Серпін» байқауына қатыса алмайды.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілді. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін квота гранттар санының 1%-ын құрайды. Жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға (қандастарға) гранттардың 4%-ы беріледі.

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/399629?lang=kk

...
ЭЖМ-ДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ЖӘНЕ "ШАҚЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР" БАҒДАРЛАМАСЫ
2022 ж. 12 шіл., сс, 03:51

2022 жылдың көктемгі семестрінде Экономика жоғары мектебінде серіктес жоғары оқу орындарымен бірге ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылды.

ЭЖМ оқытушылары С. Торайғыров университеті, Инновациялық Еуразия университетІ (Павлодар қ.) және Орталық Азия Инновациялық университетінің (Шымкент қ.) магистранттары мен студенттеріне сабақ өткізді.

Серіктес ЖОО оқытушылары э.ғ. к., проф. Кадырова А. С., PhD, доцент Бекниязова Д. С., PhD, проф. Солтангазинов А. Р., э. ғ. к., аға оқытушы Құдайбергенова З. У. біздің студенттерге дәріс оқыды.

Ағылшын тілінде "Шақырылған профессор" бағдарламасы бойынша профессор Давид Апциаури (Грузия) "Major trends in Development of Modern Global Economy and importance of risk prevention" авторлық курсын  өткізді. Бұл білім мен тәжірибе алмасқан қызықты курс болды. Біз Астана Халықаралық университетімізде студенттерге жаңа бағдарламалар мен мүмкіндіктер ұсынуға әрдайым даярмыз.

...
"ӨРЕЛІ ҰРПАҚ" ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК МЕКТЕБІ
2022 ж. 11 шіл., дс, 12:48

Астана Халықаралық университетінің әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде әлеуметтік кәсіпкерлік негіздерін ҮЕҰ өкілдерінің бірінші легіне оқыту басталды.

Бірінші лектің бизнес-жаттықтырушысы Жақсыбаева Гүлнар – "Новое время" ЖМ директоры, "Азаматтық бастамалар орталығы" ҚБ, "Атамекен" ҰКП, ICBT Халықаралық бизнес-жаттықтырушылар мектебі, International Coaches Union (ICU) коуч, дизайн-ойлау орталығының сертификатталған жаттықтырушысы болып табылады.

Қазақ тілінде білім алушылардың екінші легі 2022 жылдың 19 шілдесінде басталады. Екінші лектің бизнес-жаттықтырушысы Арман Ақбердиев – "ADS Business Group" компаниясының негізін қалаушы, "Азаматтық бастамалар орталығы"ҚБ, ҚР Ғылым қоры, "Атамекен" ҰКП және "Даму" қорының бизнес-жаттықтырушысы.

Бағдарлама әлеуметтік кәсіпкерліктің құқықтық негіздерін, әлеуметтік жоба басқаруды, әлеуметтік бизнестің қаржылық тұрақтылығын, әлеуметтік бизнестегі көшбасшылықты, әлеуметтік бизнес жүргізуді (жобалық жұмыс) зерделеуді қамтиды. Жобаның барлық қатысушысына әлеуметтік идеяларды сәтті іске асыруына тілекшіміз!

...
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ҰЛТТЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛІСІМіне ҚОЛ қойылды
2022 ж. 6 шіл., ср, 10:32

«Ұлттық биотехнология орталығы» Қазақстан Республикасындағы биологиялық бейіндегі жетекші ғылыми мекеме болып табылады. Орталық биология, биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы бағдарламаларды жүзеге асырады. NCB биотехнология және биология саласындағы оқыту және ынтымақтастықты арттыру үшін негіз болып табылады және қоғам игілігі үшін биотехнологиялық артықшылықтардың әсерін барынша арттыру мақсатында негізгі өмір туралы ғылымдар мен технологиялардағы пәнаралық зерттеулерге жәрдемдеседі.

Келісім шеңберінде мыналар жоспарланған:

Жоғары білімнің негізгі білім беру бағдарламалары, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлаудың қосымша кәсіптік бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау;

Қызметі іске асырылып жатқан негізгі білім беру бағдарламасының бағытына (бейініне) байланысты ағымдағы басшылар мен қызметкерлер қатарынан ҰБО қызметкерлерін оқу үдерісіне тарту;

Студенттердің ҰБО өкілдерінің орта және жоғары буын өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру, ҰБО өкілдерінің шеберлік сабақтарын өткізу;

ЖОО-ның негізгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік қорытынды аттестацияны өткізуге ҰБО өкілдерін тарту;

В050 Биология және сабақтас ғылымдар, В051 Қоршаған орта, М087 Қоршаған ортаны қорғау технологиясы, М080 Биология, Университет пен Кәсіпорын арасында жасалған шартқа сәйкес Кәсіпорында білім беру бағдарламалары топтары бойынша университет студенттерінің кәсіби және ғылыми-зерттеу тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу. студенттердің тәжірибесі үшін;

D087 Қоршаған ортаны қорғау технологиясы білім беру бағдарламалары тобында студенттер мен университет қызметкерлерін ҰБО-да өндірістік тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру және өткізу;

Университет пен ҰБО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу бойынша бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

Оқу процесінде және жұмыс тәжірибесін өту барысында өзін жақсы жағынан көрсеткен түлектерді бос лауазымдар болған жағдайда ҰБО-да жұмысқа орналастыруға ықпал ету;

Ғылыми, білім беру және өндірістік қызметтің интеграциясы негізінде мамандарды даярлаудың озық сипатын қамтамасыз ету, бұл олардың еңбек нарығында және білім беру қызметтерінде бәсекеге қабілеттілігіне кепілдік береді.

...
Решением комиссии Акимата г. Нур-Султан для Международного университета Астана выделены 600 образовательных грантов МИО
2022 ж. 1 шіл., жм, 10:43

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022-2026 оқу жылына еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссиясының шешімімен Астана халықаралық университетіне білім беру бағдарламаларының келесі топтары бойынша жергілікті мемлекеттік органдардан 600 білім гранты бөлінді:

Білім беру бағдарламалары тобының атауы

Орын саны

1

B001 Педагогика және психология

20

2

B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

75

3

B003 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

70

4

B009 Математика мұғалімдерін даярлау

60

5

B010 Физика мұғалімдерін даярлау

30

6

B011 Информатика мұғалімдерін даярлау

20

7

B012 Химия мұғалімдерін даярлау

40

8

B013 Биология мұғалімдерін даярлау

40

9

B014 География мұғалімдерін даярлау

30

10

B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

15

11

В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

60

12

В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау:

6В01709 Ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімі

140

Барлығы

600

 

Құрметті талапкерлер!!!

Егер сіз Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орнында оқып, грантқа түсіңіз келсе, 2022 жылдың 15 тамызына дейiн өтiнiш қалдырыңыз. Біз сені күтеміз, талапкер!

...
AIU Білім беру жоғары мектебінің оқытушысы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде (бұдан әрі – ММПУ) біліктілігін арттырды
2022 ж. 30 мау., бс, 03:07

ММПУ-мен ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде 16.06-25.06.2022 ж. аралығында (72 сағат) Философия докторы (PhD) Серік Амангелдіұлы Нуркенов Мәскеу қаласының физика, технология және ақпараттық жүйелер институтының базасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдаманың мақсаты практикалық дайындық түрінде біліктілікті арттыру бағдарламасын меңгеру және теориялық білімді тереңдету, ғылымның іргелі және қолданбалы нано ғылым саласында, сондай-ақ физик студенттерді даярлауда перспективалық әдістер мен жабдықтарды қолдана отырып, ғылыми зерттеулерде тәжірибе жинақтау жұмыстары, дағдыларды игеру болды.

Ғылыми тағылымдамадан өту барысында функционалды нано материалдарды, сондай-ақ қолданбалы зерттеулердегі микро және нано электрониканың технологиялық процестерін қоса алғанда, конденсацияланған жағдайдағы физикасының әртүрлі объектілерінің электрлік, оптикалық қасиеттерін жасау және зерттеу үшін пайдаланылатын физикалық эксперименттің қазіргі заманғы әдістері егжей-тегжейлі қаралды және зерттелді.

Тағлымдама барысында оқытушы ММПУ-нің жалпы және эксперименттік физика кафедрасында оқу процесін ұйымдастыру, ИФТИС-те дайындық бағыттары бойынша оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету,  құзыреттілікті қалыптастыру технологиялары, студенттердің білімін бақылау бойынша әдістемелік материалдар, курстық және дипломдық жобаларға қатысты материалдар, студенттердің өзіндік жұмысын қамтамасыз етуге арналған материалдар және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру шараларымен егжей-тегжейлі танысып келді.

Сонымен қатар ол университет түлектерінің дипломдық жобаларын қорғауға қатысты. Итис зертханалары, технопарк және астрокосмикалық орталық жұмысымен танысты (жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері).

Тағылымдама аясында жоғарыөткізгіштік физика, фотоника, кванттық сенсорлар және наноқұрылымдарды жасау технологиялары саласындағы ғылыми зерттеулерге назар аударылды. Бірқатар ғылыми жарияланымдар мен бірлескен жоспарлар талқыланды.

Тағылымдама қорытындысы бойынша  ынтымақтастықтың келешектегі іс-шаралары анықталды. Атап айтқанда:

 - Ғылыми зерттеулерді (жобаларды) іске асыру саласындағы бірлескен ынтымақтастық;

 - Студенттер мен магистранттарға арнайы шақыртулар бойынша дәрістер ұйымдастыру;

 - Студенттерді/магистранттарды дайындау және оқытуға бірлесіп қатысу (ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру).

- Бірлескен ғылыми зерттеулерді орындау және жарияланымдар дайындау үшін тығыз ынтымақтастық жолға қойылды.

...
«ӨҢІРЛЕРДІҢ ДЕРБЕСТІГІН АРТТЫРУ ТҰРҒЫСЫНАН БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТУРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
2022 ж. 22 мау., ср, 11:00

Экономика жоғары мектебінің ұйымдастырумен бюджетаралық қатынастар мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің модераторы э.ғ.д., профессор, «Заманауи қоғамды зерттеу институты» ЖШС директоры М. З. Қажыкен болды.

Іс-шараға қатысқан: э.ғ.д., Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басқару институтының профессоры А.Б. Зейнельғабдин, э.ғ.к., ESIL University қауымдастырылған профессоры, Р.К.Берстембаева; сарапшы, тәуелсіз экономист, «OilGasProject» ЖШС директоры Ж.Ахметов, Астана Халықаралық университеті президентінің кеңесшісі К.Т.Оспанов, Экономика жоғары мектебінің деканы З.К.Смағұлова, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар, серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері (БГЭУ Минск қ., ТОУ, ИнЕУ). Қатысушылар Қазақстан Республикада жарияланған және іске қосылған саяси реформалар аясында бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау мәселелерін қарастырды. Атап айтқанда, ұлттық табысты әділ қайта бөлу, кіріс көздері мен шығыстар бойынша міндеттемелерді әділ бөлу критерийлерін айқындау, мемлекеттік басқару деңгейлерінің бюджеттік өкілеттіктерін бекіту міндеті, республикалық бюджет пен ҚР субъектілері бюджеттерінің кірістері бойынша үлестердің арақатынастарындағы сәйкессіздіктер проблемасы, Салық кодексінің тар жерлері және т. б. қозғалды. Ашық пікірталас барысында кешенді зерттеуді, талдауды және пысықтауды талап ететін Қазақстан Республикасындағы бюджетаралық қатынастардың өзекті аспектілері мен проблемалары белгіленді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Экономика жоғары мектебі базасында талқылау және сарапшылар қауымдастығын біріктіру үшін тұрақты алаң ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

...
среда, 22 июня 2022 г. С 2 мая по 8 июня 2022 года проходила Центрально-азиатская олимпиада по французскому языку -2022.....
2022 ж. 22 мау., ср, 11:00

Ағымдағы жылдың 02 мамырынан 08 маусымға аралығында француз тілі бойынша орталық азиялық олимпиада -2022 өтті.

Конкурстың ережелері бойынша, Орталық Азиядағы Франция мәдени желісі екінші жыл қатарынан француз тілі бойынша онлайн Олимпиада ұйымдастырып отыр. Орталық Азиядағы 5 мемлекетіндегі (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстан) барлық франкофондар мен франкофилдер үшін қатысу ақысыз және ашық өтті.

Біздің  «6В01701 Шет тілі: екі шет тілі» мамандығында оқитын 3 курс студенттері «Студенттер, француз тілін бірінші немесе екінші шетел тілі ретінде оқитындар» тобында бағын сынады: Тлеужан Аяжан, Искакова Наргиз, Канат Ализа, Жаку Айнур, Винтоньяк Арина, Дуйсембаева Гаухар, Касымхан Назым, Жасар Айша, Малгаждарова Камилла. 3 турдан (тест, диктант, сұхбат) тұратын жарыста 8 студент 2 турға қатысып, Қанат Ализа 3 турға дейін өтті. Барлық студенттер халықаралық сертификаттармен марапатталды

...
вторник, 21 июня 2022 г. 20 июня 2022 г. в Педагогическом колледже AIU состоялся круглый стол посвященный работе ОФ «Экологический....
2022 ж. 21 мау., сс, 05:00

20 июня 2022 г. в Педагогическом колледже международного университета Астана состоялся круглый стол посвященный работе ОФ «Экологический Фонд Казахстана» и НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» при поддержке Министерства информации и общественного развития РК, где было показана реализация проекта «Разработка и реализация комплекса мер по укреплению экологической культуры среди молодежи».


С вступительной речью выступил  Абаканов Е.Н. - депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан, член комитета по вопросам экологии и природопользованию Мажилиса Парламента Республики Казахстан.


Руководитель Проекта, президент ОФ «Экологический Фонд Казахстана» Абдуалиева А.К. рассказала о  различных акциях экологической направленности, конкурсах, тренингах и других мероприятиях, которые проводятся в рамках проекта и способствуют формированию экологической культуры молодежи. При этом используются инновационные методы, которые адаптированы под интересы современной молодежи.


На круглый стол также были приглашены представители общественных организаций, работающие в сфере экологии, преподаватели вузов, учителя  школ.  Наш университет представляла магистр экологии, преподаватель ВШЕН Карабалаева Айман Бейсембаевна. В завершении работы круглого стола были представлены рекомендации и достигнуты договоренности по сотрудничеству в рамках проекта.