Қазақстан, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 8
Call center +7 (7172) 47-66-77
+7 (771) 929-02-30
WhatsApp +7 (705) 982-62-99
Канцелярия +7 (7172) 24-36-68
info@aiu.edu.kz
Екі дәрежелі білім беру бағдарламалары
Бейжің тіл және мәдениет университеті (BLCU) мен Астана халықаралық университеті (AIU) арасындағы ынтымақтастық аясында Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің студенттері үшін екі дәрежелі бағдарламалар ашылды. Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқыту Қазақстанда да, Қытайда да оқуды көздейтін 2+ 2 немесе 3+ 1 форматында өтеді. Студенттер бағдарлама аяқталғаннан кейін екі ЖОО-дан диплом ала алады.
Негізгі бағыттары:
- «Қытай тіліндегі өнер бакалавры» (Қытай тілі мен әдебиеті, қытайша-ағылшынша аударма)
- «Қытай тілін басқа тілде сөйлеушілерге оқытудағы өнер бакалавры».
+7 (777) 001-39-13
Бакалавриат
3+1 екі дипломды білім беру бағдарламасы «6В01711 - Ағылшын және қытай тілдері» (оқытушы)
Оқу мерзімі: 3+1 (3 жыл Астанада, 1 жыл Бейжінде)
Оқу ақысы: 1 300 000 тг
Берілетін дәреже: 3+1 екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша «6В01711 - Ағылшын және қытай тілдері» (оқытушы) бакалавры.
Бағдарламаның мақсаты:
Қытай тілін тиімді оқыта алатын және әртүрлі білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыра алатын білім бакалаврларын дайындау. Бағдарлама қытай тілін оқыту, әдістемелік жұмыстар жүргізу үшін қажетті білім, дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастырады. Сонымен қатар, бағдарламаның мақсаты — болашақ мұғалімдердің негізгі құзыреттері мен қызметтік міндеттерін дамыту.
Екі халықаралық диплом:
1. Бейжің тіл және мәдениет университетінің дипломы.
2. Astana International University дипломы.
Талаптар:
1. HSK 4 сертификаты немесе BLCU Kazakhstan профессорымен сұхбат. 2. ҰБТ сертификаты. Таңдау пәндері: ағылшын тілі және дүниежүзі тарихы. Өту балы: 75.
3+1 екі дипломды білім беру бағдарламасы «6В02303 – Аударма ісі: қытай тілі»
Оқу мерзімі: 3+1 (3 жыл Астанада, 1 жыл Бейжіңде)
Оқу ақысы: 1 300 000 тг
Берілетін дәреже: 3+1 екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша «6В02303 – Аударма ісі: қытай тілі» бакалавры.
Бағдарламаның мақсаты:
Қытай тілінен кәсіби аудармашылық жұмыс жүргізе алатын мамандарды дайындау. Бағдарлама жұмысқа қажетті білім, дағдылар мен құзыреттерді, оның ішінде тілдік дайындық пен аудармашылық шеберлікті қалыптастырады.
Екі халықаралық диплом:
1. Бейжің тіл және мәдениет университетінің дипломы.
2. Astana International University дипломы.
Талаптар:
1. HSK4 сертификаты немесе BLCU Kazakhstan профессорымен сұхбат.
2. ҰБТ сертификаты. Таңдау пәндері: ағылшын тілі және дүниежүзі тарихы. Өту балы: 55.
Контакты:
📱 WhatsApp: +7 777 001 3913, +7 708 586 63 77
📧 Email: blcu_kz@aiu.edu.kz
📸 Instagram: @blcu__kazakhstan