Жаңалықтар

...
AIU өкілдері Шанхай қаласында өткен халықаралық ғылыми конференцияларға қатысты
2025 ж. 15 жел., дс, 10:13

2025 жылғы 24-25 қараша күндері Астана халықаралық университетінің өкілдері Беларусь, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей және Қытай елдерінен келген алпысқа жуық әйел-сарапшы мен ғалымның қатарында «Әйелдердің ШЫҰ-ға көзқарасы: жаһандық басқарудың жаңа пайымы» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Аталған іс-шара Қытайдың 2024–2025 жылдардағы ШЫҰ-ға төрағалығының ресми қорытындылар тізіміне енгізіліп, сондай-ақ Шанхайдың ғылыми қоғамдарының XIX Академиялық айы бағдарламасы аясында өтті.

Конференция барысында Еуразияны зерттеумен айналысатын ШЫҰ-ға мүше елдердің әйел-ғалымдары, әйел-саясаткерлері және әйел-мемлекеттік қызметшілері бірқатар өзекті мәселелерді талқылады, атап айтқанда:

• ШЫҰ шеңберіндегі жаһандық басқарудың жаңа мүмкіндіктері мен сын-қатерлері;

• өркениеттер диалогы және гуманитарлық алмасулар;

• халықаралық коммуникация және өңірлік бірегейлік;

• ШЫҰ аясындағы іскерлік орта мен сауда-экономикалық ынтымақтастық.

Сонымен қатар, 28-30 қараша аралығында Шанхай шет тілдер университетінде (SISU) екі маңызды симпозиумды біріктірген ірі халықаралық конференциялар өтті: Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша пәнаралық зерттеулердің 5-форумы, сондай-ақ тіл, мәдениет және білім беру салаларындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы құндылықтардың көптүрлілігіне арналған 11-симпозиум.

Аталған конференцияларға Астана халықаралық университетінің өкілдерімен бірге Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Сербия және басқа да елдерден келген 200-ден астам ғалым, оқытушы, зерттеуші және сарапшы қатысты. Олардың қатарында жетекші университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының және дипломатиялық құрылымдардың өкілдері болды.

...
2025/2026 оқу жылының көктемгі семестріне сыртқы академиялық мобильдік бағдарламасына өтінім қабылдау ашылды
2025 ж. 9 жел., сс, 12:17

Реджеп Тайип Эрдоған университеті, Ризе, Түркия
Astana International University (AIU) Халықаралық ынтымақтастық департаменті Реджеп Тайип Эрдоған университетімен (Ризе қаласы, Түркия, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауы) серіктестік аясында 2025/2026 оқу жылының көктемгі семестріне сыртқы академиялық мобильдік бағдарламаға өтінімдер қабылдайды. Times Higher Education рейтингісінде университет 1500+ орынға ие. AIU университеті үшін 10 орын бөлінген.
Бағдарлама бакалавриат студенттері үшін тегін; қалған шығындарды студенттер өздері төлейді (ұшу, сақтандыру, виза, тұру және тамақ).

Тұру:
          Студенттерге жатақхана беріледі. Сонымен қатар, әр қатысушы студентке жатақхана шығындарының бөлігін төлеу үшін 100 АҚШ доллары көлемінде қаржылық көмек көрсетіледі.
 Бағдарлама туралы ақпарат:
• Оқу мерзімі: 9 ақпан – 26 маусым 2026 жыл
• Оқу орны: Ризе қаласы, Түркия
• Оқу тілі: ағылшын
• Орын саны: 10


 Кім өтінім бере алады?
• Қазақстан Республикасының азаматтары
• Келесі бағдарламалардың студенттері: 6B03101 Халықаралық қатынастар, 6B01701 Шетел тілі: екі шетел тілі
• Орта білім негізінде 2–3 курс студенттері
 Қатысу шарттары:
• Қазақстан Республикасының жарамды паспорты болуы
GPA: 4.0 балдық шкала бойынша кемінде 3.3
• Өтініш беруші студент бұған дейін сыртқы академиялық мобилдік бағдарламада оқымаған және өтініш беру кезінде AIU-дың басқа серіктес университеттерінің академиялық мобильдік бағдарламасының қатысушысы болмауы керек.
• Ағылшын тілі деңгейі - B2 (IELTS сертификаты, минималды балл 5,5)
• Ағылшын тілінде мотивациялық хат (1200 - 1500 таңба)
Бағдарлама талаптарына сәйкес келмейтін үміткерлер екінші кезеңге жіберілмейді.
 Маңызды күндер:
Өтінімдерді қабылдау: 8 -15 желтоқсан 2025 жыл, сағат 15:00 дейін
• Сұхбат: кейін хабарланады
 Қалай өтінім беруге болады:
Өтініміңізді және қажетті құжаттарды (мотивациялық хат, IELTS сертификаты, ағылшын тіліндегі транскрипт) мына сілтеме арқылы жіберіңіз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdfS7FTR02cpIb1GXo0jDIB2s4zf-qsQA2GEhL3xU8CrAP4Qg/viewform?usp=dialog

Байланыс:
• Халықаралық ынтымақтастық департаменті – негізгі корпус, кабинет 109
• e-mail: aiu.global@aiu.edu.kz
 Көрсетілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз – жетекші университетте халықаралық тәжірибе алыңыз!

...
СОЛТҮСТІК-КАВКАЗ ФЕДЕРАЛДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (РФ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ТУРИЗМ МЕКТЕБІНІҢ АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БАЗАСЫНДАҒЫ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ
2025 ж. 9 жел., сс, 10:50


2025 жылғы 9 желтоқсанда Астана халықаралық университетінде Халықаралық студенттік туризм мектебінің (ХСТМ) салтанатты ашылуы өтті. Бұл жоба - Солтүстік-Кавказ федералдық университеті ұйымдастырған, сондай-ақ Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Россотрудничество, Жастар және студенттік туризм бағдарламасы (Студтуризм) және Астана халықаралық университетінің қолдауымен жүзеге асырылған бірлескен білім беру бастамасы.

Ашылу салтанаты университеттің акт залында өтіп, Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдерін, білім беру ұйымдарының басшыларын, «Студтуризм» бағдарламасы мен Россотрудничество ұйымының өкілдерін біріктірді. Қатысушыларды Астана халықаралық университетінің президенті Серік Азтаевич Ирсалиев, Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігінің халықаралық жастар ынтымақтастығы және туризм бөлімі басшысы Константин Дмитриевич Малышев, Солтүстік-Кавказ федералдық университетінің халықаралық ынтымақтастықты дамыту орталығының жетекшісі Анна Геннадиевна Етко, сондай-ақ университет әкімшілігі мен «Студтуризм» бағдарламасының өкілдері құттықтады.

AIU президенті өз сөзінде жобаның басты мақсаттарының бірі  Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы серіктестік және достық қатынастарды нығайту екенін атап өтті. Екі ел арасындағы ынтымақтастық, ең алдымен, жастар арасында дамып келеді, сондықтан мұндай бастамалар халықаралық академиялық алмасу мен туризм саласын дамытуға маңызды үлес қосады.

Халықаралық мектептің басты мақсаты - жастардың туризм және қонақжайлылық саласындағы құзыреттерін дамыту, сондай-ақ Ресей мен Қазақстан студенттік қауымдастықтары арасындағы үздік тәжірибелермен алмасу. Мектептің тақырыбы - туризмдегі жобалық қызмет пен менеджмент. Апта бойы студенттер аралас топтарда жұмыс істеп, мәдениетаралық өзара әрекеттестікті дамытуға, этнотуризмді және ғылыми-танымдық бағыттарды ілгерілетуге бағытталған бірлескен жобалар әзірлейді.

Халықаралық студенттік туризм мектебі - бұл тек білім беру алаңы ғана емес, сонымен қатар достық пен мәдени алмасу, кәсіби өсудің кеңістігі. Іс-шара барысында қатысушылар қазіргі туризм индустриясының мүмкіндіктерімен танысып, командада жұмыс істеу дағдыларын нығайтты және өз жобаларын жасауға шабыт алды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, алынған білім мен орнаған байланыстар болашақтағы жаңа бірлескен бастамалар мен кәсіби жетістіктердің негізін қалайды.

Халықаралық мектеп 2025 жылғы 8-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтуде. ХСТМ бағдарламасы білім беру, мәдени және жобалық блоктардан тұрады. Негізгі іс-шараларға дәрістер, шеберлік сабақтар, жобалық сессиялар, экскурсиялар және шығармашылық шаралар кіреді. Мектептің қорытындысы 13 желтоқсанда шығарылып, қатысушыларға сертификаттар табысталады.

...
ЕҚЫҰ қамқорлығымен өткен фотокөрме
2025 ж. 5 жел., жм, 11:56

Астана халықаралық университеті (AIU) мен ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі жыл сайын өтетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық кампаниясы аясында бірлескен фотокөрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты кез келген зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру, сондай-ақ әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған құқықтық және гуманитарлық тетіктерді күшейту.

Экспозицияда Қазақстанның төтенше қызмет мамандары мен мемлекеттік органдарының деректі фотосуреттері ұсынылды. Олардың қатарында Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласы ТЖД, Медициналық жедел апат орталығы, «Қазавиақұтқару» бөлімшесі және «Жан-Сая» дағдарыс орталығы бар.

Кадрлар күнделікті қызмет барысында адам өмірін құтқаруға, қолдау көрсетуге және қайта оңалтуға атсалысатын мамандардың жұмысын шынайы қалпында көрсетеді. Психологтар, парамедиктер, өрт сөндірушілер мен еріктілердің еңбегі арқылы көрермендер гендерлік зорлық мәселесін нақты адам тағдыры мен тәжірибесі тұрғысынан түсіне алады.

Фотокөрмені Астана халықаралық университетінің вице-президенті Қайрат Амангелдіұлы Абдрахманов ашты. Ол өз сөзінде университеттің гендерлік теңдік мәселесіне тұрақты түрде назар аударатынын, мұндай бастамалар қауіпсіз білім беру және әлеуметтік орта қалыптастыруға маңызды үлес қосатынын атап өтті.

ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Алексей Рогов университетке алғыс білдіріп, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және білім беру ұйымдары арасындағы жүйелі өзара іс-қимылдың гендерлік қауіпсіздікті нығайтудағы маңызын атап өтті.

ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы офисі жастардың адам құқықтары жөніндегі білімін арттыруға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әлеуметтік қорғау институттарын дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауды әрі қарай жалғастыруға дайын екенін білдірді.

 

...
AIU ТМД мен Орталық Азияда әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша магистранттар даярлайтын алғашқы университет
2025 ж. 1 жел., дс, 07:37

28 қараша күні Астана халықаралық университетінің президенті С.А. Ирсалиев Ғылым және жоғары білім министріне арналған әлеуметтік иноваторлар қауымдастығының  таныстырылымына қатысты.

Астана халықаралық университеті -ТМД мен Орталық Азия аумағында әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша магистрлер даярлайтын алғашқы университеттердің бірі. Біз бизнес пен қоғамдық жауапкершілік тоғысатын қазіргі заманның ең маңызды бағыттарының бірін дамытып отырғанымызды зор мақтаныш деп санайды.

Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлер қоғам дамуына ерекше үлес қосуда - олар әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық жобалар жасап, экономикалық өсімге елеулі ықпал етеді. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 2%-ы әлеуметтік кәсіпкерлердің қызметі арқылы қалыптасады. Олардың әлеуметтік әсерінің маңызын бағалаусыз қалдыру мүмкін емес.

AIU-да әлеуметтік инновациялар экожүйесі қалыптасып келеді. Университетте әлеуметтік кәсіпкерлік бағытында толыққанды экожүйе жасалуда. Атап айтсақ, «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жобасы аясында төрт жыл бойы табысты жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде 800-ден астам әлеуметтік кәсіпкер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері оқытылды;

Әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған бір ғылыми жоба сәтті аяқталды, ал екінші гранттық ғылыми жоба - мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесінің ғылыми негіздері бойынша - жалғасып келеді;

Әлеуметтік инновациялық қауымдастықта Astana International University үшін білім беру саласындағы стратегиялық серіктес ретінде арнайы эксклюзивті аймақ ашылды;

AIU түлегі Эмин Аскеров әлеуметтік бастамаларды табысты жүзеге асырып, жаңа буын көшбасшыларын шабыттандыруда. Министрмен өткен кездесу - бағыттың стратегиялық маңызын тағы да айқындады

AIU президенті С.А. Ирсалиев, әлеуметтік инновациялық қауымдастықтың  негізін қалаушы Эмин Аскеров және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің кездесуі бұл саланың маңыздылығы мен болашағы зор екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік мамандарын даярлау - тұрақты болашаққа салынған инвестиция. «Әлеуметтік кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасы қоғамға пайда әкелетін, экономиканың дамуына үлес қосатын, әлеуметтік құндылық жасай алатын жаңа формация көшбасшыларын дайындайды. AIU үшін бұл бағыт - еліміздің әлеуметтік тұрақтылығын арттыруға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық миссиясы.

 

 

...
АIU-да жас мамандарға арналған психологиялық қолдау мастер-классы ұйымдастырылды
2025 ж. 23 қар., жс, 05:02

Университеттің Психологиялық Қызметі ұйымдастырған  «Психологиялық Денсаулық апталығы»  аясында 18 қараша  «Мамандықтың алғашқы қадамдары: сенімділік, жауапкершілік және ресурстар» атты  гештальт-терапевт, «Мәскеу Гештальт және Психодрама институтының» аға тренері, супервизор Л.П.Васильева студенттермен мастер-класс  өткізді.

Шара барысында маман психологиялық тәжірибеде сенімділік қалыптастыру жолдарын, клиентпен жұмыс кезіндегі жеке жауапкершіліктің маңызын және кәсіби өсуге қажет ішкі әрі сыртқы ресурстарды тиімді пайдаланудың тәсілдерін түсіндірді.

Студенттер интерактивті жаттығуларға қатысып, өзін-өзі тану, эмоционалды күйді реттеу, кәсіби шекараларды сақтау және тиімді коммуникация дағдыларын дамытуға арналған практикалық тапсырмаларды орындады. Мастер-класс жылы атмосферада өтіп, студенттер үшін пайдалы тәжірибе алмасу алаңына айналды, кәсіби жолдарын саналы түрде жоспарлауға көмектесетін құнды кеңестер алды.

...
AIU және Цинхуа университеті ынтымақтастықтың жаңа кезеңдерін талқылады
2025 ж. 17 қар., дс, 13:19

ПЕКИН, 2025 жылғы 11 қараша. Астана халықаралық университеті (AIU) Вице-президент Қайрат Абдрахманов бастаған делегациясы Бейжің қаласында Цинхуа университетінің басшылығымен кездесу өткізді. Қытай тарапынан келіссөздерге Цинхуа университетінің проректоры Ян Бин (Yang Bin) және  Стратегиялық зерттеулер институтының директоры доктор Ши Чжицинь (Dr. Shi Zhiqin) қатысты.

Кездесу конструктивті форматта өтіп, екі университет арасындағы ұзақ жылдардағы тиімді серіктестік тәжірибесін талқылауға бағытталды. Тараптар бірлескен бірқатар табысты жобаларды жоғары бағалады. Атап айтқанда, «Жаңа Еуразиялық құрлық-теңіз интермодальдық көлік дәлізі» ғылыми-зерттеу институтының (СМТК) құрылуы, өзара сапарлар дәстүрі және «Композитор» фильмі сияқты мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылуы ерекше атап өтілді.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар Астана халықаралық университеті (AIU) базасында жасанды интеллект бойынша бірлескен лаборатория құру мәселесін бірлесе зерттеп, пысықтау жөнінде уағдаласты. Сондай-ақ 2026 жылы Цинхуа университетінің Қазақстанға жауап сапарын ұйымдастыру туралы келісімге келді.

...
AIU және Inspur Cloud Information Technology Co.,Ltd. жасанды интеллект саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
2025 ж. 17 қар., дс, 13:05

ЦЗИНАНЬ, 2025 жылғы 10 қарашада  Astana International University (AIU) делегациясы Шаньдун провинциясының Цзинань қаласында Inspur корпорациясының басшылығымен жұмыс кездесу өтті. Кездесудің негізгі бөлігі Inspur Cloud Information Technology Co.,Ltd. бас менеджері Янь Лян (YAN LIANG) мырзамен өткен келіссөздер болды.

Визит Inspur корпорациясының Қытайдағы жалғыз жасанды интеллект зауытын аралаудан басталды. Қытай тарапы ИИ-жобаларды әзірлеу және бұлттық сервистерді дамыту бағытындағы тәжірибесін таныстырып, кәсіпорынның технологиялық қуатын егжей-тегжейлі көрсетті.

Келіссөздер барысында тараптар болашақтағы әріптестіктің стратегиялық бағыттарын талқылап, өзара көзқарастарымен бөлісті.

Кездесу қорытындысында жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, тараптардың бірлескен бастамаларды дамытуға деген ниеті ресми түрде бекітілді.

...
AIU делегациясы Орталық Азияның экономикалық және әлеуметтік дамуына арналған VIII симпозиумына қатысты
2025 ж. 17 қар., дс, 13:02

Astana International University (AIU) делегациясы Чжэцзян қаржы-экономика университетінде (ZUFE) өткен Орталық Азияның экономикалық және әлеуметтік дамуына арналған VIII симпозиумға қатысты. Іс-шара Қытай мен Орталық Азия арасындағы жаңа ынтымақтастық бағыттарын және жоғары сапалы зерттеулерді дамыту мәселелеріне арналды.

Симпозиумға Қытайдың жетекші ғылыми орталықтары мен Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанның үкіметтік, іскерлік және академиялық ортадан келген 60-тан астам сарапшы қатысты.

Негізгі баяндамалар сессиясында Astana International University вице-президенті Қайрат Абдрахманов «Жаңа Еуразиялық құрлық дәлізін дамытудың перспективалары» тақырыбында негізгі баяндама жасады.

AIU өкілінің сөз сөйлеуі аясында кең көлемді пікірталас өтті. Оған Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының (CASS) сарапшылары да қатысты.

Қатысушылар Қытай мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін атап өтті. Сондай-ақ өңіртану саласы үкімет, университеттер және бизнес арасындағы күш біріктіруді одан әрі жалғастыруы қажеттігі айтылды.

...
AIU және Шэньчжэньнің жетекші зерттеу орталықтары ынтымақтастығын нығайтуда
2025 ж. 17 қар., дс, 11:56

2025 жылғы 6 қарашада Astana International University (AIU) вице-президенті Қайрат Абдрахманов бастаған делегация Шэньчжэнь университетінің Қытайдың арнайы экономикалық аймақтарын зерттеу орталығы (CCSEZR) және «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық пен даму ғылыми-зерттеу институтының (BRRI) басшылығымен кездесу өткізді. Қытай тарапын аталған орталықтардың жетекшісі, профессор Тао Итао таныстырды.

Кездесу екі тараптың негізгі ғылыми сараптамасымен танысудан басталды. Қытайлық зерттеушілер арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға қатысты бірегей тәжірибесін, сондай-ақ Қытайдағы ғылым мен бизнес арасындағы тиімді өзара іс-қимыл тетіктерін жан-жақты түсіндірді.

Өз кезегінде қазақстандық делегация Қазақстанның білім беру, логистика, жасанды интеллект (ЖИ) және бизнес жүргізу салаларындағы жоғары әлеуетіне ерекше тоқталып, еліміздің стратегиялық артықшылықтарын таныстырып өтті

...
AIU және Шэньчжэнь университеті жасанды интеллект бағытында бірлескен зертхана құру мүмкіндіктерін талқылады
2025 ж. 17 қар., дс, 11:41

2025 жылғы 6 қарашада Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласында Astana International University (AIU) делегациясы Шэньчжэнь университетінің (SZU) басшылығымен кездесу өткізді. Келіссөздерге AIU вице-президенті Қайрат Абдрахманов, Азия Еуропа жаңа құрлық теңіз көлік дәлізінің ғылыми зерттеу институтының  директоры Нурали Ирсалиев және SZU вице-президенті, профессор Чао Найпэн қатысты.

Кездесу барысында тараптар жасанды интеллект саласындағы ықтимал серіктестік бағыттарын талқылап, бұл бағыттың екі университет үшін де стратегиялық басымдық берілуде. Профессор Чао Найпэн SZU-дың бірлескен бастамаларды дамытуға толық дайын екенін білдіріп, ынтымақтастықтың үш форматты қамтитынын атап өтті.

1.    бірлескен зертхана құру;

2.    ортақ ғылыми-зерттеу жобаларын іске қосу;

3.    кадрларды даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын дамыту.

Келіссөздердің нәтижесінде тараптар AIU базасында ЖИ бойынша бірлескен зертхана құру тұжырымдамасын бірлесе пысықтауға келісті. Сонымен қатар, AIU Шэньчжэнь университетіне студенттерді қысқа мерзімді (жазғы мектептер) және ұзақ мерзімді (семестрлік) академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында жіберу мүмкіндігін қарастырады.

Одан бөлек, екі жоғары оқу орнының профильді институттары бірлескен ғылыми жобалар, магистратура және PhD бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстармен алмасатын болды.

 

...
ОшМУ-ға академиялық ұтқырлық 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрі басталды
2025 ж. 10 қар., дс, 10:44

Қырғызстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Ош мемлекеттік университетінде (Ош қ.) 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне арналған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім қабылдау ашылды.

 ОшМУ рейтингтері бойынша

QS World University Rankings Asia 2025: 260 орын

QS World University Rankings Central Asia 2025: 13 орын

 Бағдарлама туралы:

  • Оқу кезеңі: 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрі
  • Оқу орны: Ош қ., Қырғыз Республикасы
  • Оқыту тілі: орыс және ағылшын

 Кімдер қатыса алады:

  • Бакалавриат студенттері: 2–3 курс (СО негізінде)
  • Магистранттар: 1 курс
  • Магистранттар (қысқы қабылдау): 2 курс

 Қатысу талаптары:

  • GPA: 4 балдық жүйе бойынша кемінде 3.3
  • Тіл деңгейі: орыс тілі – B2 және жоғары / ағылшын тілі – B2 және жоғары (IELTS немесе TOEFL сертификаты болғаны құпталады)

  Мотивациялық хат: орыс немесе ағылшын тілінде

 Маңызды мерзімдер:

  • Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 20 қазан – 20 қараша
  • Сұхбат: 2025 жылғы 24 қараша

 Өтінім беру тәртібі:
Төмендегі сілтеме арқылы тіркеліп, қажетті құжаттарды (мотивациялық хат, IELTS/TOEFL сертификаты, транскрипт және т.б.) жүктеңіз:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdI4sQLpE2KaDuuyBenoXwZzaMVpzRfVC5mrHx6vTYZQzoZVw/viewform?pli=1

 Шетелде білім алып, үздік университет тәжірибесін меңгеру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!