Жаңалықтар

...
Astana International University-де Литва Республикасының Елшісімен кездесу өтті
2025 ж. 16 қаз., бс, 12:50

Бүгін Astana International University қабырғасында Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эгидиюс Навикаспен кездесу өтті. Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстан мен Литва арасындағы жоғары білім, академиялық ұтқырлық және халықаралық білім беру бағдарламалары саласындағы ынтымақтастықты дамыту болды.

Кездесуге Astana International University президенті Серік Ирсалиев, университет басшылығы мен халықаралық ынтымақтастық бөлімі өкілдері қатысты. Тараптар студенттер мен оқытушылардың алмасу бағдарламалары, бірлескен ғылыми конференциялар мен тағылымдамаларын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан мен Литва университеттері арасындағы қос диплом бағдарламаларын дамыту мәселелерін талқылады.

Эгидиюс Навикас өз сөзінде білім беру саласының Қазақстан мен Литва арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызды бағыты екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бастамалар халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға, білім мен мәдениет алмасуына жол ашады.

Өз кезегінде Astana International University президенті Серік Ирсалиев литвалық тарапқа қызығушылығы мен қолдауы үшін алғыс білдіріп, халықаралық әріптестіктің университеттің серпінді дамуы мен әлемдік білім кеңістігіндегі беделін арттырудағы стратегиялық маңызын атап өтті.

Кездесу өзара құрмет пен ашық пікір алмасу атмосферасында өтіп, екі тараптың да білім және ғылым саласындағы екіжақты байланыстарды одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін көрсетті.

 

...
AIU мен Витаутас Магнус университеті арасындағы қос диплом – жоғары білім беру саласындағы екіжақты қатынастарды дамытудың әлеуеті
2025 ж. 29 қыр., дс, 11:45

2025 жылғы 26 қыркүйекте Астана халықаралық университетінде ЖОО-дан кейінгі білім беру және академиялық мобильдік бөлімі, халықаралық ынтымақтастық бөлімі, ғылым бөлімі өкілдерінің қатысуымен Витаутас Магнус (Витаутас Ұлы) университетінің (Қаунас қ., Литва) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге биоэкономика факультетінің деканы, профессор, PhD докторы Бернардас Вазнонис халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас маманы доктор, Елена Плотникова факультеттің ғылыми және жобалық қызметі бойынша үйлестірушісі  Анастасия Новикова  қатысты.

Кездесу барысында оқу орындары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Келіссөздер нәтижесінде мынадай уағдаластықтарға қол жеткізілді:

  • білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық алмасуларын ұйымдастыру;
  • экономика, менеджмент бойынша бірлескен магистрлік білім беру бағдарламасын әзірлеу және барлық оқу деңгейлерінде қос диплом алу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • Erasmus+ халықаралық бағдарламасына қатысу;
  • семинарлар мен конференцияларды қоса алғанда, бірлескен ғылыми іс-шараларды өткізу.

Тараптар серіктестік байланыстарды кеңейтуге өзара мүдделілік танытып, білім беру және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

 

 

 

 

 

 

...
Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры ҚР Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды
2025 ж. 29 қыр., дс, 05:21

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

Қысқаша өмірбаяны
Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы дүниеге келген.

2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша (бакалавриат) тәмамдады. 2006–2008 жылдары «Философия және саясаттану» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2011 жылы докторантураны аяқтап, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды.

Жұлдыз Сүлейменова еңбек жолын академиялық ортада бастап, жоғары оқу орындарында дәріс берді және жастар саясаты мен білім саласында басшылық қызметтер атқарды. Ақтөбе институтында, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде, Халықаралық бизнес академиясында және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде қызмет етті. 2012 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ-да білім саясаты мен даму бағыттарын басқарды. 2021–2023 жылдары Nur Otan партиясынан ҚР Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты болды, ал 2023 жылдан бері Amanat партиясынан VIII шақырылымның депутаты.

AIU-да
2025 жылы Жұлдыз Сүлейменова Astana International University академиялық қауымдастығына қосылып, Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде «Философия» пәнінен дәріс берді.

Astana International University Жұлдыз Сүлейменованың тағайындалуы оның кәсіби жетістіктерін көрсетеді және университет үшін маңызды оқиға болып табылады.

...
AIU "Орталық Азия-Қытай-2025" саммиті қарсаңында – халықаралық конференция өткізді
2025 ж. 29 там., жм, 06:00

Аstana International University «Декларациялардан іске: «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитінің келісімдерін практикалық түрде іске асыру» тақырыбында халықаралық іс-шара өткізді. Іс-шара «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитінің нәтижелерін жан-жақты сараптамалық талдауға арналды.

Спикерлер құрамында – ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан дипломатия өкілдері, сондай-ақ беделді ұйымдардың жетекші сарапшылары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ), Әлемдік экономика және саясат институты, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институты, Цинхуа университеті (Қытай), «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «QazInnovations» АҚ өкілдері қатысты.

Конференцияға қатысушылар, энергетика, көлік логистикасы, білім және ғылым салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық жайын талқылады. Халықаралық форум Орталық Азия мемлекеттерінің әлеуетін ҚХР-дың орасан зор мүмкіндіктерімен біріктіріп өзара мүдделері мен серіктестікті жоғары деңгейге шығаруға жол ашады.

...
Astana International University мен Swiss Institute of Technology and Entrepreneurship стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
2025 ж. 1 там., жм, 11:52

📍 Астана, 2025 жылғы 1 тамыз

Astana International University (AIU) халықаралық әріптестікті кеңейту бағытын жалғастыруда: университет қабырғасында Швейцариядағы Swiss Institute of Technology and Entrepreneurship (SITE) өкілдерімен ресми кездесу өтті. Кездесу қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Швейцариялық тараптан келіссөзге SITE ректоры мырза Альберто Ибарц Гарсияның атынан Айнура Мұқанова, даму жөніндегі директор, қатысты.

Меморандумның негізгі бағыттары:

  • Екі университет арасындағы қос диплом және академиялық алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру;

  • Бизнес, IT, инновация, медиа және кәсіпкерлік салаларында бірлескен оқу курстары мен тренингтерді әзірлеу;

  • Халықаралық ғылыми және білім беру форумдарына, семинарларға, конференцияларға қатысу;

  • Академиялық және бейакадемиялық бірлескен бағдарламаларды, соның ішінде онлайн-курстар мен біліктілікті арттыру модульдерін дамыту;

  • Серіктестіктің негізгі қағидаттары ретінде ашықтықты және академиялық адалдықты ілгерілету.

🔍 Кездесу барысында тараптар әріптестіктің стратегиялық көрінісін талқылап, Қазақстан білім беру жүйесінің еуропалық академиялық кеңістікпен ықпалдасуының маңыздылығын және халықаралық құзыреттерге ие жаңа буынды даярлау қажеттілігін атап өтті.

«SITE-пен серіктестік — біздің студенттер мен оқытушылар үшін еуропалық сападағы білім мен халықаралық академиялық ұтқырлыққа жол ашады. Бұл AIU-дың жаһандық университетке айналу жолындағы маңызды қадамы».

...
🎓 Шетелдік студенттерге арналған 50% жеңілдік!
2025 ж. 28 шіл., дс, 06:00

Astana International University шетелдік студенттерге арналған арнайы ұсынысты іске қосады:
🎓 Барлық қазақстандық білім беру бағдарламаларына 50% жеңілдік
🌍 BLCU және UIBE жетекші университеттерімен бірлескен қос дипломды бағдарламаларға арналған арнайы шарттар

Біз шетелдік студенттерге арналған бәсекеге қабілетті академиялық орта ұсынамыз, мұнда:

  • Халықаралық білім беру стандарттары
  • Қабылдаудан бастап бейімделуге дейін толық қолдау
  • Негізгі бағыттар бойынша ағылшын тілінде оқыту
  • Қазақстанның дамып жатқан астанасында жайлы өмір мен оқу ортасы

AIU - бұл ғана университет емес. Бұл - жаһандық мансаптың бастау алаңы.

📩 Бағдарламалар, жеңілдіктер және қабылдау шарттары туралы толық ақпарат келесі байланыс деректері арқылы қолжетімді.

 Call center: +7 (7172) 47-66-77  +7 (771) 929-02-30

WhatsApp: +7 (705) 982-62-99

...
ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ - БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ САПАСЫ МЕН ТАНЫМАЛДЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
2025 ж. 24 шіл., бс, 10:19

Білім беру бағдарламаларының аккредитациядан өтуі - оқытудың халықаралық және

ұлттық сапа стандарттарына сәйкес екенiн таныту. Студенттер үшiн бұл мынадай мағынаны

білдіреді: кәсiпкерлiк қауымдастықтар мен жұмыс берушілер тарапынан мойындалған

бағдарламалар бойынша оқу; еңбек нарығында жоғары беделге және сұранысқа ие диплом;

академиялық және мансаптық мүмкіндіктердің артуы; білім беру үдерісінің, оқытушы

құрамының және оқу ресурстарының сапасына сенімділік.

2025 жылы Экономика жоғары мектебі тәуелсіз білім сапасын аккредитация және сараптау агенттігі ARQA арқылы 11 білім беру бағдарламасын сәтті аккредитациядан өткізді.

Барлық бағдарламалар 5 жыл мерзімге аккредитация алды, бұл экономика, менеджмент және

бизнес саласындағы мамандарды даярлаудың тұрақты сапасы мен өзектілігін растайды.

Жоғары мектептің аккредитациядан өткен бағдарламаларының тізімі: 6В04102 -

Қаржы; 6В04111 - Маркетинг; 6В04114 - Менеджмент; 6В04117 - Экономика; 6В04122 -

Халықаралық бизнес; 7М04101 - Өнеркәсіп экономикасы; 7М04106 - Менеджмент; 7М04109

- Стратегиялық басқару және көшбасшылық (EMBA); 8D04101 - Өнеркәсіп экономикасы;

8D04103 - Білім беру менеджменті; 8D04104 - Менеджмент.

Аккредитациядаң өткен бағдарламаларды таңдау - сенімді болашақты таңдау!

...
ҚКП Орталық комитетінің делегациясы Астанадағы Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалына сапар жасады
2025 ж. 23 шіл., ср, 04:19

Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары (вице-министр дәрежесінде) Цай Лисинь ханым бастаған делегация Астана  Халықаралық университеті (AIU) базасында жұмыс істейтін Бейжің тіл және мәдениет университетінің (BLCU) филиалына ресми сапармен келді. Іс-шараға сондай-ақ ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қатысты.

Сапардың мақсаты - Қазақстандағы BLCU филиалының қызметімен танысу және оның болашақ даму перспективаларын талқылау. Кездесу барысында тараптар филиалдың білім беру бағдарламаларының сәтті іске асырылып жатқанын, қытай тіліне деген қызығушылықтың тұрақты өсіп келе жатқанын, сондай-ақ екі ел арасындағы академиялық және мәдени байланыстардың белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.

Қытай делегациясының басшысы Қазақстан мен Қытайдың жастар ұйымдары арасындағы тұрақты байланыстарды нығайтуға, жас мамандарды халықаралық волонтерлік қозғалысқа тартуға және әлеуметтік жұмыс саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыруға қызығушылық білдірді.

AIU президенті Серік Ирсалиев екі ел арасындағы жастар алмасуын кеңейту бастамасын қолдап, университеттің волонтерлік ұйымдарының халықаралық жобаларға, соның ішінде Қытай серіктестерімен ынтымақтастыққа қатысуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Аталған сапар Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру, мәдениет және жастар бастамалары саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

...
6B04122 «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС» ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН «NEW EURASIAN LAND BRIDGE INTERNATIONAL TALENT EXCHANGE PROGRAM» ҮШІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ....
2025 ж. 15 шіл., сс, 11:43

2025 жылғы 25 маусым мен 9 шілде аралығында AIU, UIBE (Пекин) және Jiangsu Ocean University (JOU, Ляньюньган) университеттері арасындағы серіктестік аясында «Халықаралық бизнес» қос дипломды білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған жыл сайынғы жазғы мектеп ұйымдастырылды. Жазғы мектеп бағдарламасы білім беру, мәдени және практикалық блоктардан тұрды және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, студенттердің кәсіби құзыреттері мен тілдік дайындықтарын дамытуға бағытталды.

Жазғы мектеп Пекин қаласында басталды, онда студенттер Қытай астанасының мәдени нысандарымен танысып, Тілдік білім беру және ынтымақтастық орталығына барды. Одан әрі бағдарлама Ляньюньган қаласында жалғасын тапты, мұнда трансшекаралық электрондық коммерция, цифрлық маркетинг, өнімдерді жылжытуда тікелей эфирлер мен жасанды интеллектіні пайдалану, видеоконтент жасау және нақты e-commerce кәсіпорындарының жұмысын зерттеу тақырыптарына арналған дәрістер, шеберлік сабақтары мен практикалық жұмыстар өткізілді. Бағдарлама аясында командалық жұмыс, креативті ойлау және мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл бағытта топтық жобалар, спорттық іс-шаралар және күнделікті практикалық қытай тілі сабақтары маңызды рөл атқарды. Бағдарлама қорытынды жобаларды қорғау, халықаралық жастар диалогы және сертификаттар тапсыру рәсімімен аяқталды.

Жазғы мектепке қатысу студенттерге халықаралық бизнес саласындағы білімдерін кеңейтуге, электрондық коммерция бойынша құнды тәжірибе алуға, сондай-ақ ағылшын және қытай тілдерін меңгеру деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Келесі жылғы жазғы мектепке қатысатын студенттерімізді асыға күтеміз!

 

...
«AIU BUSINESS INNOVATION» БИЗНЕС ИНКУБАТОРЫ «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫ: ГРАНТТАР, СУБСИДИЯЛАР, БАҒДАРЛАМАЛАР» ОНЛАЙН ВЕБИНАРҒА ШАҚЫРАДЫ
2025 ж. 10 шіл., бс, 10:50

2025 жылғы 11 шілде күні сағат 11:00-де Астана Халықаралық Университетінің бизнес

инкубаторы мен «MG First» консалтингтік компаниясы бірлесіп, кәсіпкерлерге қолданыстағы

және жаңа қолдау құралдары, гранттық қаржыландыру мен басқа да бағдарламалар туралы


ақпарат беру мақсатында вебинар өткізеді. Инкубациялық бағдарламаларымыздың

қатысушыларын асыға күтеміз!

Негізгі спикерлер:

1. ForteBank өкілдері – Тақырыбы: «ШОБ-ты қолдау құралдары»

2. «QazInnovations» Ұлттық Агенттігінің өкілдері – Тақырыбы: «Гранттық өтінімдер

жібергенде жиі кездесетін қателіктер»

3. Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы – Тақырыбы: «Бизнес бастау және дамытуға

арналған гранттар»

4. Ғылым қорының өкілдері – Тақырыбы: «Ғылым қоры гранттары туралы»

5. Астана Халықаралық Университетінің бизнес инкубаторының өкілдері – Тақырыбы:

«Инкубациялық бағдарламалар және өзге қолдау шаралары»

6. «MG First» консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және директоры Мадина

Пирманова – Тақырыбы: «Инвесторға арналған тизер дайындау»

...
BLCU Kazakhstan Foundation бағдарламасының алғашқы түлектері: Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру ынтымақтастығының жаңа кезеңі
2025 ж. 4 шіл., жм, 05:35

2025 жылғы 30 маусымда Астанадағы Бейжің тіл және мәдениет университетінің (BLCU Kazakhstan) филиалында Foundation бағдарламасының алғашқы түлектеріне сертификат табыстау салтанаты өтті. Бұл оқиға филиалдың алғашқы оқу жылының аяқталуын білдіріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру әріптестігінің маңызды кезеңіне айналды.

BLCU Kazakhstan 2024 жылғы 3 шілдеде Астана халықаралық университетінің (AIU) базасында ашылды және бір жыл ішінде жоғары нәтижелер көрсетіп үлгерді. Foundation бағдарламасына қабылданған 100 студенттің 85-і оқуын сәтті аяқтады, ал 55 студент қорытынды емтихандарда үздік нәтиже көрсетіп, келесі екі дипломды бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға мүмкіндік алды:

·         6В01711 — «Ағылшын және қытай тілдері (оқыту бағыты)»

·         6В02303 — «Аударма ісі: қытай тілі»

Foundation бағдарламасы студенттер үшін тек академиялық баспалдақ қана емес, кәсіби және мәдени дамудың берік іргетасына айналды. Бір оқу жылы ішінде студенттер қытай тілін терең меңгеріп, Қытайдың мәдениеті мен дәстүрлерімен танысты, әрі болашақта білімін жалғастыру үшін қажетті көшбасшылық және академиялық дағдыларды қалыптастырды.

Салтанатты шара барысында түлектерге жылы лебіздерін білдіргендер:

·         Астана халықаралық университетінің президенті Серік Азтаевич Ирсалиев екі ел арасындағы білім беру ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, болашақ мамандарды тәрбиелеудің маңызын жеткізді;

·         BLCU филиалының қытайлық директоры Лю Сяньцянь Бейжіңдегі BLCU ректоры Дуань Пэнның құттықтау хатын оқып берді және түлектердің BLCU халықаралық отбасының бір бөлігі екенін атап өтті;

·         Астана халықаралық университетінің вице-президенті Қайрат Амангелдіұлы Абдрахманов халықаралық әріптестіктің және түлектердің Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысты нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті;

·         BLCU филиалының қазақстандық директоры Сауле Ерденқызы Қошанова оқу жылының қорытындысын шығарып, оқытушыларға кәсібилігі үшін, студенттерге білімге деген құштарлығы мен табандылығы үшін алғыс білдірді.

Шара барысында ерекше үлгерім көрсеткен үздік студенттер мен белсенділер марапатталды. Солардың ішінде Камалиев Нуртас ерекше атап өтілді — ол жоғары академиялық және көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп, Қытайдың екі жетекші университетінен бірден грант иеленді.

Іс-шара аясында студенттерге арналған мәдени-танымдық сапарлар туралы жарияланды:

·         4-10 шілде аралығында үш үздік студент Циндао қаласында қытай мәдениетін тереңдетіп зерттеу бағдарламасына қатысады;

·         11-17 шілде аралығында үздік студенттер Қытайдың Синьцзянь өлкесінің мәдениеті және тарихымен танысуға аттанады;

·         27 шілдеден 21 тамызға дейін 30 студент Хайнань аралындағы BLCU кампусында қытай тілінен қарқынды курс өтеді.

Филиал алғашқы оқу жылында ғылыми, білім беру және мәдени шаралар алаңына айналды: форумдар, семинарлар, кәсіптік бағдарлау кездесулері, қазақстандық және қытайлық делегациялардың сапарлары, мәдени фестивальдер мен қытай тілінен олимпиадалар ұйымдастырылды.

Foundation бағдарламасының алғашқы түлектері BLCU Kazakhstan-ның табысты бастамасының жарқын дәлелі болды. Көптеген түлектер Қазақстан мен Қытайда білім алуды біріктіретін «3+1» бакалавриат бағдарламасын жалғастыруға дайындық үстінде.

Филиал алдағы уақытта халықаралық коммуникация, аударма және қытай тілін оқыту салаларындағы болашақ мамандарды дайындау үшін академиялық және халықаралық мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастырады.

BLCU Kazakhstan филиалының ашылуы мен дамуына қолдау білдіргені үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлына, Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Шәкизатұлы Нұрышевке және Қытайдың Қазақстандағы Елшілігіне алғысымызды білдіреміз!

Барлық түлектерді шын жүректен құттықтаймыз және келесі білім кезеңінде сәттілік тілейміз!

 

...
Қытайдағы жазғы мектеп AIU студенттері үшін жаңа көкжиектер ашады
2025 ж. 3 шіл., бс, 11:56

Astana International University Экономика жоғары мектебінің 6в04122 "Халықаралық бизнес" білім беру бағдарламасының студенттері жыл сайынғы "New Eurasian Land bridge International talent Exchange Program"халықаралық жазғы мектебіне қатысады. Бағдарлама 2025 жылдың 27 маусымы мен 8 шілдесі аралығында Бейжің және Ляньюньган (қытай) қалаларында өтеді. Ляньюньган - "Бір белдеу, бір жол" бастамасының маңызды түйіні. Мектепті UIBE және JOU университеттері ұйымдастырады.

Бұл сапар біздің студенттер үшін тілдік ортаға ғана емес, қазіргі Қытайдың іскерлік мәдениетіне де енудің бірегей мүмкіндігі болды. Жазғы мектеп бағдарламасы өте бай: ол трансшекаралық электрондық коммерция, цифрлық маркетинг және Азиядағы бизнес ерекшеліктері туралы дәрістерді қамтиды. Балалар жетекші сарапшылардан құнды білім алып, нақты бизнес-кейстермен танысады.

Қарқынды оқытудан басқа, ұйымдастырушылар қызықты мәдени бағдарлама дайындады. Студенттер Бейжіңдегі тыйым салынған қала мен Ұлы Қытай қорғанын қоса алғанда, көрнекті тарихи орындарға барып, Маталарды бояу және дәстүрлі желдеткіштер жасау бойынша шеберлік сабақтарында ұлттық қолөнермен танысып үлгерді. Күнделікті практикалық қытай тілі сабақтары оларға сенімді қарым-қатынас жасауға және елдің мәдениетін жақсы түсінуге көмектеседі.

Жазғы мектеп сонымен қатар халықаралық желі үшін тамаша алаң болып табылады. Біздің студенттер басқа елдердің қатысушыларымен белсенді қарым-қатынас жасайды, тәжірибе алмасады, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытады және жаңа достар табады. Бірлескен жобалар, Мәдени іс-шаралар, тіпті Айдаһар қайық жарысы сияқты спорттық жарыстар достық пен кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Біз студенттерге табысты Білім және жаңа биіктерге жетуді тілейміз!!!