2025 жылғы 18 сәуірде
Педагогикалық институтта БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыру
аясында «География» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары»
АҚ-мен бірлесіп ғылыми семинар өтті. Іс-шараның спикері – «Қазақстан Ғарыш Сапары»
ҰК» АҚ-ның Кеңістіктік деректерді талдау департаментінің директоры Берік
Құмарұлы Рахимжанов «Қазақстан экономикасы мен экологиясының тұрақты дамуы
мүддесіндегі ғарыштық мониторинг» тақырыбында дәріс оқыды.
Семинар барысында студенттер
KazEOSat-1, KazEOSat-2 және KazSTSat спутниктерінен алынған Жерді қашықтықтан
зондтау (ЖҚЗ) деректерін нақты қолдану мысалдарымен танысты. Бұл
деректер келесі салаларда қолданылды:
- Қоршаған
ортаны және табиғи ресурстарды қорғау (ТДМ 13, 15);
- Тұрақты
ауыл шаруашылығы (ТДМ 2);
- Рационалды
жер пайдалану (ТДМ 11, 15);
- Төтенше
жағдайлар мен климаттық өзгерістердің салдарын мониторингтеу (ТДМ 11, 13);
- Қалдықтарды
бақылау және жерді заңсыз пайдалану фактілерін анықтау (ТДМ 12).
Ерекше
назар келесі аспектілерге аударылды:
- JerInSpectr
платформасын пайдалана отырып, жер пайдалану талдауын автоматтандыру;
- ЖҚЗ
деректерін кадастрлық және экологиялық ақпараттық жүйелермен
интеграциялау;
- AGROSPACE
платформасын дамыту арқылы аграрлық қызметті оңтайландыру және ауыл
шаруашылығы өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету.
Семинар
ғарыштық мониторинг технологиялары мен деректерінің әртүрлі басқару
деңгейлерінде шешім қабылдаудың тиімді құралы бола алатынын және ұлттық тұрақты
даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететінін нақты көрсетті.
Ұйымдастырушылар
«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-на және жеке Рахимжанов Б.К.-ға ғылыми-білім беру
ортасын дамытуға қосқан үлесі мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді.