Жаңалықтар

...
ИННОВАЦИЯЛАР ДӘУІРІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕР
2025 ж. 27 сәу., жс, 06:54

Сегодня прошла Международная научно-практическая конференция «AIU-2025: Казахстан и международное образовательное пространство: сотрудничество ради будущего», в рамках которой состоялась секция №2 на тему «ИНФОРМАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ, ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ И БОЛЬШИЕ ДАННЫЕ В ЭПОХУ ИННОВАЦИЙ».

 

Модератор секции — Байгожанова Дәметкен Сағидуллақызы, кандидат педагогических наук, Почётный профессор Республики Казахстан.

 

Поздравляем победителей секции:

 

🥇 1 место: Мұхаметкәрім Қаныш и Тлеубаева Аксауле Болатовна за работу «Спорттық бағдарламалау бойынша пәндік олимпиадаға дайындау платформасы»

🥈 2 место: Талдықбаева Тамирис Әділханқызы и Абдуллаева Жанасыл Тілекқызы за работу «Определение фейковых отзывов с помощью машинного обучения»

🥈 2 место: Қажымұрат Ғалымжан Асылбекұлы и Каимов Сулеймен Талгатович за работу «Toward rapid prototyping of real time cylinder detection with limited synthetic data and yolo 11n»

🥉 3 место: Медетбек Арайлым за работу «Measuring the success of digital anti-corruption policies: a comparative analysis»

🥉 3 место: Абдуханова Жанел Рахымжановна и Әбдіқалық Гүлназым Дүйсенбайқызы за работу «Обзор методов и технологий для выявления ложных новостей»

🥉 3 место: Бақтыбаев Асанәлі Асқарұлы за работу «Моделирование и анализ информационных систем в обучении»

 

Благодарим всех участников за их вклад в развитие инновационных технологий и научных исследований! #AIU2025 #инновации #искусственныйинтеллект #большиданные #образование


 

...
🌿 «Таза Қазақстан» экологиялық апталығы басталды! 🌿
2025 ж. 27 сәу., жс, 06:50

21–26 сәуір аралығында еліміздің барлық өңірлерінде республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық марафон өтуде. Бұл – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жүздеген іс-шаралар мен акцияларды біріктіретін ерекше апта!

🔹 Экологиялық апта Астана қаласындағы республикалық экофестивальмен ашылды. Фестивальға еріктілер, экоактивистер, стартап иелері, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

🔹 Фестиваль аясында экологияны дамытуға үлес қосқан үздіктер марапатталды:

"Үздік экологиялық білім мекемесі",

Суға ұқыпты қарау тақырыбындағы балалар сурет байқауы,

"Жасыл Университет" жобасы,

"Үздік экологиялық стартап" аталымдары бойынша.

🎉 Біз үшін мақтаныш: Astana International University Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің (ВШТИиИ) 1 курс студенттері осы экофестиваль аясында өткен көрмеге белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын, экоидеяларын ұсынды! 🌱👏

🟢 Студенттеріміздің бастамалары – жасыл болашаққа қадам!

Олар экологиялық жобалар, қайта өңдеуді насихаттайтын бұйымдар мен көрнекіліктер арқылы табиғатқа жанашыр көзқарастарын көрсетті.

📍 Министрліктің мәлімдеуінше, апта бойы елімізде 200-ге жуық экологиялық акциялар өткізіледі. Бұл бастама – елдің әр тұрғынын табиғатты қорғауға, экосана қалыптастыруға үндейді.

💬 Қоршаған орта – баршамызға ортақ. "Таза Қазақстан" – бұл бір аптаның ісі ғана емес, бұл – ұрпаққа аманат!

...
INFORMATICS. MATHEMATICS. AUTOMATICS – 2025 INFORMATICS. MATHEMATICS. AUTOMATICS – 2025 атты халықаралық конференция сәтті өтті!
2025 ж. 27 сәу., жс, 06:48

📍 Сумы мемлекеттік университеті (Украина)

🤝 Astana International University (Қазақстан) бірлесе ұйымдастырды

 

Ұйымдастырушыларға жоғары ғылыми деңгей, қызу пікірталастар мен халықаралық ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз!
Конференция тақырыптары информатика, математика және автоматтандыру саласындағы өзекті мәселелерді қамтыды – теориядан бастап интеллектуалдық технологияларды іс жүзінде енгізуге дейін.

1 орын – Eskendirov Masud, Baibusin Kaidar. Баяндама тақырыбы: Жасанды интеллект пен статистика веб-сайттардағы пайдаланушы тәжірибесін қалай жақсартады: мінез-құлықты математикалық талдау.

2 орын – Abdykenov Yelzhan. Тақырып: Ақпараттық технологиялар жобаларын басқаруға жасанды интеллектінің ықпалы.
Armanova Tais. Тақырып: Дыбыстық көмекші – деректерді өңдеу технологиясы ретінде.

3 орын – Sarsengali Zhandos, Pichitayev Nurzhan, Rakhimbekov Nursultan. Баяндама тақырыбы: Бейнені қалпына келтіруге арналған нейрожелілер
Maulenov Daniyar, Sedelnikov Artem, Rzaev Rza. Баяндама: Жасанды интеллект және сандар: математиканың алгоритмдерді жеделдетудегі рөлі
Tole Aikhanym. Тақырып: Жасанды интеллект ауа райын қалай болжайды.

...
AIU студенттері ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесуге қатысты
2025 ж. 2 сәу., ср, 16:33

2024 жылғы 2 сәуірде ҚР Президенттік орталығында отандық жоғары оқу орындарының студенттері Қазақстанның ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, ҚР авиация генерал-майоры, «Бәйтерек» БК» АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетовпен ашық кездесу өткізді. Іс-шара Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығына және Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне орай ұйымдастырылды.

Кездесуге әртүрлі университеттердің студенттері, оның ішінде AIU Ақпараттық ғылымдар және технологиялар жоғары мектебінің Data Science бағыты бойынша 2-курс оқитын 10 студенті қатысты. Болашақ IT-мамандар үлкен қызығушылықпен Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшу алдындағы дайындық, орбитадағы ғылыми зерттеулер және Қазақстанның ғарыш саласын дамыту перспективалары туралы әңгімесін тыңдады.

Кездесуде ұлттық ғарыш бағдарламасын дамытуға ерекше назар аударылды. Қазақстан аэроғарыш саласын белсенді түрде дамытып, ғылыми-зерттеу және инженерлік-техникалық құрылымдардың кең спектрін ұсынады. Олардың қатарында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы, Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы, Республикалық ғарыштық байланыс орталығы, Қазақстан-Ресей бірлескен «Бәйтерек» кәсіпорны және Ғарыш техникасы және технологиялар институты бар.

Сондай-ақ, студенттер алдында Қазақстандағы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының өкілі Геннадий Алексеевич Саенко сөз сөйледі. Ол ғарышты игерудегі халықаралық ынтымақтастық, Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту перспективалары және қазақстандық мамандарға арналған мүмкіндіктер туралы айтты. Атап айтқанда, «Зенит-М» ұшыру кешенін жаңғырту, мамандар даярлау, жаңа технологияларды енгізу және ұшырылымдардың экологиялық қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

Кездесуде жаңа экологиялық таза зымыран-тасығышты жасау, спутниктерді ұшыру және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту сияқты келешегі зор жобалар талқыланды. Қазақстан жерді қашықтықтан зондтау және спутниктік байланыс саласындағы жетістіктерін, Байқоңырды жаңғырту және ғарыш туризмін дамыту жоспарларын ұсынды.

Кездесу еркін диалог форматында өтті: AIU студенттері ғарышкерлердің орбитадағы күн тәртібі, салмақсыздық жағдайындағы жұмыс ерекшеліктері және ғарыш саласындағы IT-мамандардың рөлі туралы сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.

AIU студенттері үшін бұл іс-шара танымдық қана емес, сонымен қатар шабыттандыратын кездесу болды, олардың ғылыми зерттеулер мен жоғары технологиялар саласындағы болашақ мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашты. Университет іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіреді, ал студенттерге — белсенді қатысқаны үшін ризашылығын айтады!

...
AIU-да каллиграф Мохсен Ебрахимидің «Каллиграфия» көрмесі мен шеберлік сабағы өтеді
2025 ж. 29 қаң., ср, 06:33

Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің Мәдени өкілдігі мен Астана Халықаралық университетінің Өнер және гуманитарлық ғылымдар мектебі бірлесіп, Иран Ислам Республикасының Ұлттық күніне орай каллиграфия өнерінің шебері Мохсен Ебрахимидің жұмыстарының көрмесі мен шеберлік сабағын ұйымдастырады.

Шара барысында студенттер мен оқытушылар шебердің аса құнды туындыларымен жақын танысып, белгіленген уақытта каллиграфпен сұхбаттасуға, каллиграфия өнерінің негіздерін меңгеруге, қажетті құрал-жабдықтармен танысуға және каллиграфиялық жазу техникасын тәжірибеде көруге мүмкіндік алады.

Каллиграфияға қатысты сұрақтарыңызды қойып, тың ақпараттармен танысуға шақырамыз!

Воркшоптың мақсаты – Иран мәдениетін қазақ қоғамына таныстыру, екі елдің мәдени байланысын нығайту және парсы каллиграфиясы мен қолөнеріне қызығушылықты арттыру.

📅 Өтетін уақыты: 03.02.2025, сағат 11:00
📍 Өтетін орны: М. Әуезов көшесі, 46/1, 4-корпус, 504-аудитория

...
2025 жылғы 21 ақпанда сағат 15:00-де «8D06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)....
2025 ж. 20 қаң., дс, 03:46

2025 жылғы 21 ақпанда сағат 15:00-де «8D06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жолшиева Лаззат Зулпыхарқызының докторлық диссертациясын талқылау бойынша Астана Халықаралық университетінің Ғылыми-техникалық кеңесінің (ҒТК) кеңейтілген отырысы өтеді.

Диссертация тақырыбы: «Нақты уақытта компьютерлік көру жүйелерінің мәліметтерін өңдеу алгоритмін жасау және зерттеу».

Өтетін орны: №207 аудитория, Астана Халықаралық университетінің №1 корпусы.


Ғылыми кеңесшілері:

1. Жукабаева Тамара Кокеновна – PhD,  Астана халықаралық университеті, Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің профессоры;

2. Тураев Шерзод (Turaev Sherzod) – PhD, Біріккен Араб Әмірліктері университеті, Ақпараттық технологиялар колледжінің Компьютерлік ғылымдар және бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Аль-Айн, Абу-Даби, Бірікккен Араб Әмірліктері);


Рецензенттер:

1. Самбетбаева Мадина Аралбаевна – PhD, Астана халықаралық университеті Ақпараттық технологиялар және инженерия Жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры; 

2. Барлыбаев Алибек Бактыбаевич – PhD, Астана халықаралық университеті Ақпараттық технологиялар және инженерия Жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры; 

 

Қорғау тілі: қазақ.


...
2025 жылғы 21 ақпанда сағат 15:00-де «8D06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)....
2025 ж. 20 қаң., дс, 03:44

2025 жылғы 21 ақпанда сағат 15:00-де «8D06101 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Бахадирова Гулназ Бекуалықызының  докторлық диссертациясын талқылау бойынша Астана Халықаралық университетінің Ғылыми-техникалық кеңесінің (ҒТК) кеңейтілген отырысы өтеді.

Диссертация тақырыбы: «Кері байланыс арқылы жоғары ретті сызықтық емес жүйелерді басқаруды компьютерлік модельдеу».

Өтетін орны: №207 аудитория, Астана халықаралық университетінің №1 корпусы


Ғылыми кеңесшілері:

1. Тасболатұлы Нұрболат – PhD,  Астана халықаралық университеті, Ақпараттық технологиялар және инженерия Жоғары мектебінің доценті;

2. Тураев Шерзод (Turaev Sherzod) – PhD, Біріккен Араб Әмірліктері университеті, Ақпараттық технологиялар колледжінің Компьютерлік ғылымдар және бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Аль-Айн, Абу-Даби, Бірікккен Араб Әмірліктері);


Рецензенттер:

1. Адамов Нургалым Абилмажинович – PhD, Астана халықаралық университеті Ақпараттық технологиялар және инженерия Жоғары мектебінің доценті; 

2. Бегалиева Каламкас Балтабековна – PhD, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы.

 

Қорғау тілі: қазақ.


...
Astana International University Huawei ICT Competition бойынша маман даярлау бойынша үздік 6 университеттің қатарына енді!
2024 ж. 20 жел., жм, 08:01

Astana International University (AIU) қуанышпен хабарлайды, Huawei ICT Competition ұлттық финалының нәтижесінде біздің университет Қазақстанның үздік 6 жоғарғы оқу орнының қатарына енгенін. Бұл нәтиже студенттеріміздің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жоғары деңгейде білім алғанын ғана емес, сонымен қатар AIU-дың қазіргі цифрлық экономикаға дайын болар кәсіби мамандарды даярлауға қосқан маңызды үлесін көрсетеді.

Айта кететін болсақ, 4-курс студенті Шалбай Тахмина (ВТ-21А тобы), Huawei ICT Competition өңірлік финалында Computing Track бойынша бірінші орынды жеңіп алды! Тахмина Таяу Шығыс пен Орталық Азияның үздік студенттері арасында бірінші орынды иеленіп, ерекше білім мен дағдыларын көрсетті.

Қазіргі уақытта Тахмина Сауд Арабиясы Эр-Рияд қаласында Қазақстанды халықаралық аренада таныстыруда. Бұл жетістік оның қажырлы еңбегі мен мінсіздікке ұмтылуының нәтижесі болып табылады.

Барлық қатысушыларды құттықтай отырып, тынымсыз еңбек пен үздіксіз жетілуге деген ұмтылыстары үшін алғыс айтамыз. AIU ұлттық және халықаралық аренада өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей береді!