Жаңалықтар

...
AIU физиктері XVII Республикалық пәндік олимпиадада жүлдегер атанды!
2025 ж. 30 сәу., ср, 08:17

24–25 сәуір күндері Марғұлан университетінде «Физика пәні мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 12 ірі жоғары оқу орындарынан командалар қатысқан.

AIU командасы университеттің абыройын асқақтатып, 2-ші командалық орынды жеңіп алды. Ал 3 курс студенті Өтеген Байбосынов жеке есепте жоғары нәтиже көрсетіп, 2-ші орынға ие болды.

AIU командасының құрамында:

·                     Казимов А. — 1 курс студенті,

·                     Жеткерген Н. — 2 курс студенті,

·                     Байбосынов Ө. — 3 курс студенті.
Команданың жетекшісі — физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Нуркенов Серік Амангельдинұлы.

Студенттеріміз бен жетекшісін тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз! Оларға болашақта да жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

...
AIU студенттері география бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадада жүлдегер атанды
2025 ж. 30 сәу., ср, 08:11

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «В014 – География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша ХVІI Республикалық пәндік олимпиада өтті, оған Қазақстанның 18 жетекші жоғары оқу орындарынан студенттер қатысты.

Олимпиаданың мақсаты — студенттердің теориялық және практикалық білім деңгейін анықтап, кәсіби дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ география пәні мұғалімдерін даярлау сапасын арттыру болды. Биылғы олимпиадада Астана халықаралық университетінің студенттері жақсы нәтижелер көрсетті.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Галымбек Турсынулы Байгукиннің жетекшілігімен 3 курс студенттері Рахматали Нұрислам Мұратұлы және Омаров Азамат Даулетұлы жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Рахматали Нұрислам Мұратұлы жеке есепте II орын иеленіп, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Олимпиадаға қатысқан барлық студенттер сертификаттармен марапатталды, ал жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.

Студенттеріміз бен жетекшісін олимпиададағы сәтті нәтижелерімен құттықтаймыз және болашақтағы жеңістерін тілейміз!

...
"Қазақстандағы Балалар Университеттері желісі: тәжірибе алмасу және даму перспективалары" атты дөңгелек үстел
2025 ж. 29 сәу., сс, 10:57

2025 жылғы 23 сәуірде Астана халықаралық университетінде "AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім кеңістігі: болашақ үшін әріптестік" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Қазақстандағы Балалар Университеттері желісін дамыту тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шара гибридті форматта — дәстүрлі түрде (Астана қ., 1-ші корпус, 207-аудитория) және онлайн (Zoom платформасы) өткізілді.

Дөңгелек үстелдің модераторы — педагогика ғылымдарының кандидаты, Астана халықаралық университеті Педагогикалық институтының "Информатика" білім беру бағдарламасының жетекшісі Дамекова Сауле Қайроллақызы болды.
Дөңгелек үстел жұмысына химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Болысбекова Салтанат Манарбекқызы, сондай-ақ AIU Балалар Университетінің химия, физика, математика, биология, география бағыттарының жетекшілері, Педагогикалық институт директорының орынбасары PhD Каримова Гүлім Сайлаубекқызы қатысты, AIU "Ағылшын тілі" білім беру бағдарламасының жетекшісі Акимханова Алия Амнгельдіқызы.

Қатысушыларды құттықтау сөзбен педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Педагогикалық институт директоры Ахмадиева Жанна Қуанышқызы қарсы алды.

Дөңгелек үстел аясында баяндама жасағандар:
• Jolanta Rozowska, Еуропалық Балалар Университеттері желісінің президенті (Польша) — Польшадағы Балалар Университеттерінің дамуы туралы;
• Навий Лиза, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің доценті (онлайн) — жаһандық құзыреттілікті қалыптастыру жағдайында Балалар Университетінің ұйымдастырылуы туралы;
• Дамекова Сауле Қайроллақызы — ашық білім беру форматында AIU Балалар Университетінің тәжірибесін таныстырды.

Еркін пікірталас барысында Ш. Уәлиханов атындағы КУ Балалар Университетінің жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты Нұрмұханбетова Н.Н. сөз сөйлеп, стратегиялық басымдықтарды атап өтті: эксперименттік үлгілерден Балалар Университеттерін университет пен өңірлік даму экожүйесіне жүйелі түрде біріктіруге көшу қажеттігін айтты.

Даму бағыттары талқыланды: білім беру бастамаларын ғылыми негіздеу, студенттерді тарту арқылы жобалық оқыту, әзірленген жобаларды тұрақты форматтарға көшіру және білім беру өнімдерін коммерцияландыру.

Қатысушылар жоғарыда аталған бағыттарды университеттердің стратегиялық даму жоспарларына енгізу және жобаларды іске асырудың бастапқы кезеңінде қаржылай қолдау көрсету туралы бастамамен бірлескен үндеу дайындады.

...
AIU студенттері өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінен өткен Республикалық олимпиадада 3-орын алды
2025 ж. 29 сәу., сс, 10:19

2025 жылғы 17–18 сәуір аралығында Павлодар қаласындағы академик Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі ұйымдастырған қазақ тілі пәні бойынша өзге ұлт өкілдері студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды және еліміздің түрлі аймақтарынан келген 10 команданың арасында өтті. Педагогикалық институттың 3 курс студенті Буланин Артем, 1 курс студенттері Эргашева Дилдора және Артемова Елизавета, топ жетекшісі А.А. Султанова жетекшілігімен олимпиадаға қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды.

Студенттерімізді және жетекшісін осы жоғары нәтижелермен құттықтап, болашақта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз! Бұл жетістік университетіміздің беделін арттырып, студенттеріміздің жоғары деңгейдегі білімін дәлелдейді.

 

...
AIU2025 халықаралық конференциясы аясында биология мен география секциясы өтті
2025 ж. 27 сәу., жс, 07:01

2025 жылғы 24 сәуірде Астана халықаралық университетінде
«AIU2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында
«1.8 – Биология мен географияны оқытудың заманауи әдістері: инновациялар мен технологиялар» атты секциялық отырыс өткізілді.

🔹 Секция төрағасы: Хамзина Салтанат Рашидовна, PhD, Астана халықаралық университеті, Педагогикалық институттың қауымдастырылған профессоры
🔹 Секретарь: Сағынбаева Ақнұр Бақытжанқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Педагогикалық институттың аға оқытушысы

Секция жұмысына Астана халықаралық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Секция барысында қатысушылардың ғылыми баяндамалары тыңдалып, қызу талқыланды. Үздік деп танылған баяндамалар жоғары бағаланып, арнайы грамоталармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға белсенділігі мен қызығушылығы үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!

...
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша ғылыми семинар: Қазақстанның тұрақты дамуындағы ғарыштық мониторингтің рөлі
2025 ж. 27 сәу., жс, 06:45

2025 жылғы 18 сәуірде Педагогикалық институтта БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыру аясында «География» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен бірлесіп ғылыми семинар өтті. Іс-шараның спикері – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның Кеңістіктік деректерді талдау департаментінің директоры Берік Құмарұлы Рахимжанов «Қазақстан экономикасы мен экологиясының тұрақты дамуы мүддесіндегі ғарыштық мониторинг» тақырыбында дәріс оқыды.​

Семинар барысында студенттер KazEOSat-1, KazEOSat-2 және KazSTSat спутниктерінен алынған Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) деректерін нақты қолдану мысалдарымен танысты. Бұл деректер келесі салаларда қолданылды:​

  • Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау (ТДМ 13, 15);
  • Тұрақты ауыл шаруашылығы (ТДМ 2);
  • Рационалды жер пайдалану (ТДМ 11, 15);
  • Төтенше жағдайлар мен климаттық өзгерістердің салдарын мониторингтеу (ТДМ 11, 13);
  • Қалдықтарды бақылау және жерді заңсыз пайдалану фактілерін анықтау (ТДМ 12).​

Ерекше назар келесі аспектілерге аударылды:​

  • JerInSpectr платформасын пайдалана отырып, жер пайдалану талдауын автоматтандыру;
  • ЖҚЗ деректерін кадастрлық және экологиялық ақпараттық жүйелермен интеграциялау;
  • AGROSPACE платформасын дамыту арқылы аграрлық қызметті оңтайландыру және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету.​

Семинар ғарыштық мониторинг технологиялары мен деректерінің әртүрлі басқару деңгейлерінде шешім қабылдаудың тиімді құралы бола алатынын және ұлттық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететінін нақты көрсетті.​

Ұйымдастырушылар «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-на және жеке Рахимжанов Б.К.-ға ғылыми-білім беру ортасын дамытуға қосқан үлесі мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді.

 

...
Абайдың 180 жылдығына арналған рухани жаңғыру алаңы
2025 ж. 27 сәу., жс, 06:42

2025 жылдың 19 сәуірінде, Астана халықаралық университеті Педагогикалық институты Меморандум негізінде бекітілген өзінің филиалы Астана қаласы әкімдігінің «№101 орта мектебімен» бірігіп, Білім беру басқармасы Астана қаласы әкімдігінінің «Әдістемелік орталығының» қолдауымен ұлы ақын, қаламгер, ойшыл, сазгер Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абайдың «Толық адам» ілімі – қазақ руханиятының темірқазығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

Семинардың басты мақсаты – Абай шығармаларын оқыту әдістемесін жетілдіру, Абай мұрасын, оның дүниені танудағы философиялық ой-тұжырымдарын білім беру ұйымдарында оқыту және инновациялық технологияларды меңгеру арқылы жаңашылдығымен, шығармашылдығымен ерекшеленетін кәсіби педагогтер мен креативті ойлайтын білім алушыларды анықтау арқылы педагогтердің тәжірибе алмасуын жүзеге асыру болды.

Семинарға қатысушыларды Астана халықаралық университетінің Халық аспаптар оркестрінің күмбірлеген күйі қарсы алды.

Семинарға қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар, ЖОО оқытушылары, орта білім беру ұйымдарының педагогтері және білім алушылар, барлығы 500-ден астам адам қатысты.

Семинар аясында Көрме жұмыстары, PODCAST алаңы, «Абайдың «Толық адам» ілімі және қазіргі заман» тақырыбында дқңгелек үстел, ұлттық өнер, пленарлық отырыс және секциялық жұмыстар ұйымдастырылып, өткізілді.

Көрме жұмысында Павлодар облысы «Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі» МКҚК-нің «Абай және алаш қайраткерлері» тақырыбында музей жәдігерлерінің көрмесі, «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының» оқу-әдістемелік құралдарды таныстыру алаңы, Әл-Наир баспасының және Арман-ПВ баспасының «Абайтану» оқу-әдістемелік кешені» тақырыбындағы кітаптар көрмесі, Астана қаласы «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының» «Бала Абай» электронды ресурстар, №87 мектеп- гимназияның «Ой бәйге» интеллектуалды ойыны, Ақтөбе қаласы, №78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының «Жаңа адам» авторлық трансформациялық-психологиялық ойыны, Астана қаласы әкімдігінің «Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК-нің «Абай әлемі» үстел ойыны, №91 мектеп-гимназиясының «Абайдың қарасөздері» 3D электронды-әдістемелік құралы, №101 орта мектептің «Қара сөздердегі өмір сабағы» Абай қарасөздерін ЖИ арқылы суреттеу және «Алшы Battle» логикалық жұптық ойын, сондай-ақ Астана қаласының бірнеше мектептерінің «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері «Абай және қазақ мәдениетінің алтын қазынасы» тақырыбындағы ұлттық қолөнер көрмесі ұсынылды.

PODCAST алаңында Абайдың тікелей ұрпағы, оқу-ағарту саласының еңбек ардагері, Абай музейінің бұрынғы аға ғылыми қызметкері Ляйля Мухлисқызы «Абай мұрасы – ұрпақ жадындағы шамшырақ» тақырыбында сұхбат берді. Сонымен қатар ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын. Абайтанушы, №87 Абай атындағы мектеп-гимназиясының «Абай мұрасы» музейінің меңгерушісі Алмахан Мұхаметқалиқызының «Абай жолы» кейіпкерлері және Абай» кітабының тұсау кесері өтті.

«Абайдың «Толық адам» ілімі және қазіргі заман» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысында абайтанушылар мен ғалымдар білім беру және бала тәрбиесі бойынша бүгінгі өзекті мәселелерді ортаға салып, талқылады.

Семинар жұмысы Шабыт академиясының оқытушысы, дәстүрлі әнші Сарина Гулмира Айымғазықызының «Абайдың елі» әнімен ашылды. Астана қаласы әкімдігінің «№101 орта мектебінің» 10, 11-сынып оқышыларының «Ақ пен қараның айтысы» қойылымы залда отырғандардың жүрегін шымырлатса, 180 педагогтен тұратын хордың орындауындағы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін зал тік тұрып, оларға ілесе әуелетіп әкетті.

Пленарлық отырыс аясында отандық абайтанушылар және шетелдік ғылымдар баяндама жасады. Секциялық жұмыс «Өнерпаз болсаң арқалан» бағытының «Абай әндерін орындау», ««Абайға арнау» ақындар мүшәйрасы», «Абай шығармалары мазмұны негізінде сурет салу» бөлімдері үш аудиториядa, «Ғылым таппай мақтанба ...» ғылыми бағыт бойынша бес аудиторияда, «Ұстаздық қылған жалықпас ...» әдістемелік бағыт бойынша «Абай шығармаларына комикс әзірлеу» бөлімі бір аудиторияда, «Инновациялық педагогикалық тәжірибе» бөлімі екі аудиторияда, «Шеберлік сынып» бөлімі екі аудиторияда, Барлығы 12 аудиторияда педагогтер мен ғалымдардың тәжірибе алмасу жұмыстары өтті.

QR код арқылы жасалған кері байланыста қатысушылар ризашылықтарын білдіріп, қазақ руханиятының алтын діңгегіне айналған Абайдың «Толық адам» іліміне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының мұрасына терең бойлаған ауқымды да тартымды семинар жұмысын ұйымдастырушы Астана халықаралық университетінің доценті, ф,ғ.к. Галиябану Кабиевна Резуановаға және Астана қаласы әкімдігінің №101 орта мектеп директоры Алма Алтынхановна Жұмабекова, бейіндік іс жөніндегі директор орынбасары Нургалиева Алмагуль Жаиковна және қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдеріне және әдістемелік бірлестік жетекшісі Кабажаева Сая Уалихановнаға, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» әдіскері Маман Жанар Сейтахметовнаға Астана халықаралық университетінің басшылығы атынан алғысымызды білдіреміз.

...
Математик Михаил Львович Гольдманның мерейтойына арналған халықаралық ғылыми воркшоп
2025 ж. 22 сәу., сс, 11:39

2025 жылғы 15–17 сәуір аралығында Астана Халықаралық Университеті (AIU) профессор Михаил Львович Гольдманның мерейтойына арналған халықаралық воркшопқа қатысып, маңызды ғылыми алаңдардың бірі болды. Онлайн-форматта өткен шараға Ресей, Қазақстан және басқа елдердің жетекші математик-ғалымдары қатысты.

Ұйымдастырушылар:

  • Ресей ғылым академиясының Владикавказ ғылыми орталығы

  • М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті

  • Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті

  • Астана Халықаралық Университеті (AIU)

Мақсаты:
Ғылыми шара функционалдық кеңістіктер мен дифференциалдық теңдеулер саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, ғылыми тәжірибе алмасу және халықаралық серіктестікті нығайту мақсатын көздеді.

Негізгі тақырыптар:

  • Соболев кеңістіктеріндегі операторлардың энтропиялық сандары

  • Харди типіндегі теңсіздіктер

  • Интегралдық операторлардың шектеулері

AIU-дің рөлі:
AIU воркшопты ұйымдастыруға белсене атсалысты. Бұл университеттің ғылыми бағыттағы әлеуетін көрсетіп, халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты тереңдетуге жол ашты.

Қорытынды:
Воркшоп AIU-дің ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге және жаһандық ғылыми қауымдастықпен байланыс орнатуға бағытталған стратегиялық ұстанымын тағы бір дәлелдеді.